KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887445
2019 жылы:  21160
бүгiн:  1
қазiр:  5
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.12.2013

   Өнер қызметінде Қазақстанның халық әртісі Шахан Мусиннің 100 жылдық  мерейтойына арналған «Сахнаның сал-серісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Мусин Шахан Әлімханұлы (1913-1999 жж.) – актер, Қазақстанның халық әртісі. Павлодар облысында дүниеге келген. Актерлік жолын 1934 жылы Семей облыстық қазақ драма театрынан бастап, осы театрдың іргетасын қалаушылардың бірі болды. Сахнадағы алғашқы рөлі І.Жансүгіровтің «Кек» пьесасындағы Бидахмет рөлі болды. Осы театрда Арыстан (М.Әуезов «Айман-Шолпан»), Есен («Еңлік-Кебек»), Әбіш (Б.Майлин «Шұға») бейнелерін сомдады.      
 1954-1957 жж. Қазақтың Мемлекеттік академиялық Жастар мен балалар театрында актерлік қызмет атқарып, ал 1957 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында алуан түрлі кейіпкерлерді сахналады. Көбіне творчестволық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін жасады. Олар: Ақан (Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында»), Сырым (Әуезовтің «Қарагөзінде»), Сапар (Т.Ахтановтың «Сәулесінде»), Моцарт (А.С.Пушкиннің «Шағын трагедияларында»),  Телегин (А.П.Чехов, «Сүйікті менің ағатайым») және т.б.
   Ол ақындық өнермен де айналысып, көптеген өлеңдер жазды. 1958 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.  Сонымен қатар, қазақ киносының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосты. «Бұл Шұғылада болған еді», «Біз осында тұрамыз», «Асау Ертіс жағасында», «Шоқан Уәлиханов», «Ұлан», «Қосымша сауалдар», «Жол торабы», «Шешуші айқас», «Кек», «Жаушы», «Құлагер» сияқты көптеген көркем фильмдерге түсіп, дара ойын үлгісімен өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Ол – қазақ театры мен киносына ұшан-теңіз еңбек сіңірді.                                             

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Шахан Мусиннің еңбектері, ол туралы әдебиеттер және күйтабақтары  ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование