KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062764
2019 жылы:  128299
бүгiн:  2169
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.01.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде қазақ жазушысы, журналист Жақсылық Түменбаевтың 70 жасқа толуына орай «Дархан мінезді журналист» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Жақсылық Түменбаев (1944-1993) 1944 жылы 5 қаңтарда Қызылорда облысының Арал ауданындағы Сазды ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін «Арал» совхозында  шопанның  көмекшісі болып жұмыс істеді. 1968 жылы С.М.Киров атындағы  Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1968 жылы Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінің қызметкері болып бастаған. 1975 жылы  Қазақ  КСР Министрлер  Кеңесі жанындағы ақпарат агенттігінде бас редактордың орынбасары, 1993 жылы  республикалық «Денсаулық» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.
   Ж.Түменбаев шығармаларының негізгі тақырыбы соғыстан кейінгі қазақ ауылының өмірі, ондағы қазақ азаматтарының тағдыры. Жазушының алғашқы көркем шығармалары «Жалын» және «Жұлдыз» журналдары беттерінде, республикалық, облыстық баспасөзде 1968 жылдан жариялана бастады. 1977 жылы «Қардағы іздер» атты алғашқы әңгімелер жинағы жарық көрді. Әңгімеде жастардың ұрпақтар ісіне адалдығы, азаматтық тұлғасының қалыптасуы хақында толғанады.
   1979 ж. жазушының «Мен сүйген қыз» атты повесі «Жалын» журналы байқауында  екінші орынды иеленді. Бұл повесінен кейін: «Қимас қазына» (1979), «Мен сүйген қыз» (1981), «Тас бөгет» (1984), «Махаббат қорығы» (1990), «Ақтық демің біткенше» (1996), «Келіншектер» (2004), «Ауыл шетіндегі үй» (2009) және т.б шығармалары жарық көрді. Жазушы А.Лихановтың «Шырғалаң» («Невзгоды») атты романын және басқа да авторлардың повестерін, әңгімелерін аударған.
   Ж.Түменбаев Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Грамотасымен марапатталған. Туған жері Арал ауданының Сазды ауылында жазушының есімі көше және мектеп атына берілген.

   Көрмеде Жақсылық Түменбаевтың өмірі мен қызметі туралы материалдар және оның шығармалары: «Қардағы іздер» (1977), «Қимас қазына» (1979), «Мен сүйген қыз» (1981), «Тас бөгет» (1984), «Махаббат қорығы» (1990), «Ақтық демің біткенше» (1996), «Келіншектер» (2004), «Ауыл шетіндегі үй» (2009) және т.б ұсынылған.  

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование