KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887543
2019 жылы:  21258
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.01.2014

   «Өнер» бөлімінің оқу залында «Қазақ бейнелеу өнері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме Қазақстандағы кескіндеме, графика, мүсіндеме–бейнелеу өнерінің даму тарихын ашады.           

   Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолының негізін ағартушы, этнограф-ғалым, суретші Ш.Уәлиханов қалады. Оның кең ауқымды  және сан-алуан этнокөркем мұрасы өнертанушылардың, мәдениеттанушылардың және шығармашылық маман иелерінің қызығушылығын тудырды. 1920 жылы Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия ұйымдастырылып, онда Н.Г. Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С. Пономарев сабақ берді.  Осы кезеңнен бастап кәсіби бейнелеу мектебінің негізі қаланды.
   20 ғасырдың 20-30 жылдары қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасап, жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н.И. Крутильников, Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, И.И. Савельев, Б.Сәрсенбаев, Қ.Қожықов, т.б.) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды.
   1933 жылы Суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті құрылып, оның алғашқы төрағасы болып суретші Ә.Ысмайылов сайланды. Қазақ бейнелеу өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын айқын қалыптасты. Бұл кезеңдегі қазақ бейнелеу өнерінің дамуына А.Ғалымбаева, Г.Ысмайылова, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Ә.Жүсіпов, С.Романов, А.М. Степанов, К.Шаяхметов, Ү.Әжиев, т.б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты.
   Шығармашылық жолын 1960-70 жылдары бастаған шеберлер: С.Айтбаев, Ш.Сариев, Т.Тоғызбаев, Ә.Садыханов, О.Нұржұмаев, А.Рахманов, И.Исабаев М.Аманжолов, К.Муллашев, Е.Төлепбаев, т.б. шығармаларынан романтикалық-символдық және сезімдік бастаулар көрініс тапты. Бұл суретшілердің шығармалары айқын да күрделі түсімен, шиыршық атқан бояуымен, белсенді кеңістік ортасымен, бейнелердің әсемдігімен және сырлылығымен ерекше көзге түседі.
   1980-90 жылдары қазақ бейнелеу өнері тың ізденіспен, еуропа жаңа сипаттағы ағымдардың әдіснамасын меңгеруімен ерекшеленді. Олар: А.А.Ақанаев, Е.Мергенов, Д.Әлиев, Е.Төлепбаев, Б.Түлкиев, Ж.Аралбаев, Т.Досмағамбетов, А.Есенбаев, К.Закиров, К.Каметов,  К.Муллашев, Т.Ордабеков, Б.Табиев, А.Смағұлов, М.Хитахунов, М.Аманжолов, А.Нақысбеков, К.Каметов, Е.Сергебаев, А.Қорғанбаев, Т.Ордабеков, А.Дүзелханов және т.б.

   Кітап көрмесінде қазақ бейнелеу өнері туралы әдебиеттер: «Қазақ бейнелеу өнерінің інжу-маржандары» (2005), «Қазақстан өнері» (2005), З.Айдарова, Л.Дарксен «Бейнелеу өнері» (2010), Ә.Ысмайылов «Қазақстан бейнелеу өнерінің шеберлері» (1986), Қ.Тельжанов «Қазақстан бейнелеу өнерінің шеберлері» (2006), С.Пірмахан «Қылқалам шерткен жыр ғалам» (2009), З.Тусупова «Фотоальбом» және т.б. кітаптар  ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование