KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062787
2019 жылы:  128322
бүгiн:  2192
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.01.2014

   2014 жылы 22 қаңтар, сағат 15.00-де Әлем әдебиеті залында Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы және Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің ҚР Ұлттық кітапханасындағы Ресей кітап бұрышына кітаптар табыстау рәсімі өтті.

   Жыл сайын Ресейлік студенттер күні қарсаңында Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы ҚР Ұлттық кітапханасына жаңа  құнды кітаптар топтамасын табыстау рәсімін өткізеді. Ұлттық кітапханаға «Орыс тілі» Федералдық арнайы бағдарламасы бойынша «Библиотека путешествий», «Перекрестки истории» сериясымен жарыққа шыққан кітаптар, сонымен қатар «Большая книга» атақты премиясының иегерлері: М.Кантор, В.Левенталь, Д.Даниловтың және тағы басқалардың кітаптары сыйға берілді.

   Іс шарада Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының атынан консул-ақылшысы Клюкина-Витюк М.Ю., консул Переверзева И.В., ҚР Ұлттық кітапхана атынан Бас директорының орынбасары Юсупова А.Х. сөз сөйлеп, кітапхананың тұрақты оқырмандары, жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері және іс-шараның қонақтары кітаптар туралы өз пікірлерін білдіріп, тілектерін жеткізді.

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование