KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887448
2019 жылы:  21163
бүгiн:  1
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.01.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінде белгілі американ жазушысы, ақын, сыншы  Эдгар Аллан Поға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Эдгар Аллан По (1809-1849) американ романтизмнің өкілі, қазіргі заманғы  детектив түрін құрушы. Э.По 1809 жылы 19 қаңтар айында Бостонда ел кезуші актер отбасында дүниеге келген. Екі жасында жетім қалып, баланы Ричмондтағы саудагер жанұясы Джон Аллан асырап алады.
 1815-1820 ж. Э.По Англияда, жабық пансионда тәрбие алды. Америкаға оралғаннан соң, колледжде оқыды. 1826 ж. Вергиния штатындағы университетке түседі, бірақ оны бітірмейді. 1830 ж. Уэст-Пойнтта әскери академияның студенті болды. 1833-1840 ж. Ричмондт қаласындағы журнал редакцияларында жұмыс істеп, көптеген дастандар мен әңгімелер шығарады. 1845 ж. Э.Поның көзі тірісінде ең маңызды кітабы «Ворон и другие стихотворения» шықты.
   Э.По әңгімелер, өлеңдер, сын мақалаларды жазды, қосымша редактор қызметін атқарды. 1835 ж. жазушыға «Оңтүстіктің әдеби хабаршысы» журналын басқару ұсынылды. Oл өзінің шығармашылық қызметін сыршыл-ақын ретінде бастады. Бірінші поэтикалық жинақтары «Тамерлан» (1827), «Аль-Аарааф», «Тамерлан и мелкие стихи» (1829), «Стихи» (1831) сәттілік әкелмеді. 19 ғасырдың 30-шы жылдары Э.По қарасөзге сүйене отырып, үнемі түрлі әдеби журналдарда жарияланып тұрған, кейін екі томдық «Гротески и арабески» 1840 ж. жинағы болып басылып шыққан новеллалар жазды. Э.Поның сыншы ретіндегі алғашқы шығармасы осы уақытқа тиесілі. Жазушының 30-шы жылдардағы «Прозалық» дәуірі  романтикалық роман жазуға талаптануымен белгілі және бірнеше жанр: «Лигейя» (1838) мистиканың, «Повесть о приключениях Артура Гордона Пима» (1838) ғылыми таңғажайып (фантастикалық) әңгіменің, «Убийство на улице Морг» (1841) детективтің  бастау алған кезі.
   1840-шы жылдары әңгімелер жазуын жалғастыра отырып, Э.По лирикаға қайта оралады және өзінің: «Ворон», «Улялюм», «Аннабель Ли» атты маңдай алды шығармаларын жарыққа шығарады. Сонымен бір мезгілде Эдгар Аллан По  «Поэтический принцип» (1848), «Золотой жук» (1843), «Тысяча вторая сказка Шехерезады» (1845), «Логическое обоснование стихосложения» (1848), «Маргиналииді» (1844-1849) атты бірнеше лекцияларын, трактаттары мен эсселерін және т.б. арнаған өзінің «Шығармашылық философиясын» жазумен айналысты. Жазушының француздың, ал кейіннен орыс символистері де аударған және насихаттаған поэзиясы алғаш рет Еуропада өзінің лайықты бағасын алды. Ол қаламынан шыққан трагедиялық, әзіл-оспақты, үрейлі және таңғажайып (фантастикалық) болып құбылатын новеллалардың теңдессіз шебері деп танылды. Э.По 1849 ж. 7 қазанда Балтиморда дүние салды.       

   Көрмеге  ҚР Ұлттық кітапхана қорынан автордың шығармалары және ол туралы әлем тілдеріндегі әдебиеттер қойылған.

   Көрмені тамашалауға шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование