KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887455
2019 жылы:  21170
бүгiн:  1
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.01.2014

   Мерзімді басылымдар  бөлімінде  «Қазақ әдебиеті» газетінің 80 жылдығына арналған  көрме ұйымдастырылды. 

   «Қазақ әдебиеті» – апталық әдеби, мәдени газет. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген. Газеттің алғашқы редакторы - жазушы Ғ.Мүсірепов. 80 жыл ішінде бас редакторлардың бірнеше ұрпағы өзгерді. Редакциялық алқа құрамында белгілі қайраткерлер мен журналистер: С.Сейфуллин, И.Жансүгіров, І.Қабылов, А.Мусин, М.Қаратаев, Б.Майлин, С.Мұқанов, А.Тоқмаганбетов, С. Мәуленов, А. Тәжібаев, З. Қабдолов, Ш. Мұртаза және басқалар қызмет жасады. Бүгінгі таңда газеттің бас редакторы -  Ж. Шаштайұлы.
   1940-1954 ж. газеттің шығуы тоқтап қалып, 1955 жылдың қаңтар айынан бастап қайта шыға бастады.
   «Қазақ әдебиеті»  ұлтымыздың рухани айнасы, еліміздің әдеби-мәдени өмірін жан-жақты қамтитын басылым. Газет қазақ әдебиетінің жоғары идеялық көркемдік сапасын, көркем өнердің өмірді танытушылық  рөлі мен тәрбиелік мәнін арттыру үшін, әдебиет пен өнердің халық өмірімен тығыз байланыста болуына атсалысады. Газет беттерінде қазақ ақын жазушыларының  өлең,  жыр, дастандары,  әңгіме,  очерктері, роман,  повестерінен үзінділер,  байырғы  мәдени   қазынамыздың  ел  аузында  жүрген асыл үлгілері, көне  тарихымызға қатысты деректер мен археологиялық-этнографиялық мұралар, қазақ  әдебиетінің  өткені мен бүгіні және келешегі жайлы әдеби-сын мақалалар,  қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени оқиғалар жөнінде  публицистік  өткір  ой-толғаулар,  дүние  жүзі  классиктерінің  үздік  туындыларынан  аудармалар  жарияланады.
   Сонымен  бірге  оқу-ағарту,  білім,  ғылым   саласындағы  әралуан  көкейкесті  мәселелерді сөз етеді. Кино, театр, сымбат, қол өнерінің тақырыптарын кеңінен толғап, белгілі  әдебиет, өнер қайраткерлерімен сұхбат  жүргізіп, олардың жаңа шығарма туындыларын оқырмандарға таныстырып отырады. 

   Көрмеде  газеттің шығу тарихын, құрылуын және дамуын баяндайтын мақалалар ұсынылған. Көрме көпшілік оқырман қауымына және Қазақстанның мерзімді басылымдарының тарихына қызығушыларға арналған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование