KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062610
2019 жылы:  128145
бүгiн:  2015
қазiр:  23
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.01.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында «Қазақстанның жаңа басылымдары»  атты  жаңа кітаптардың  көрмесі ұйымдастырылды.
   Кітап көрмесі ҚР Ұлттық кітапханасына соңғы уақытта келіп түскен 1 000-нан астам жаңа басылымдарды ұсынады. Әдебиеттер қазақстандық баспаларда қазақ, орыс тілдерінде басып шығарылған және әр түрлі білім саласын қамтиды.
   «Қазақстанның жаңа басылымдары» көрмесі екі бөлімнен тұрады: «Салалық әдебиеттер» және  «Көркем әдебиеттер».
   «Салалық әдебиеттер» бөлімінде тарих, филология, әдебиеттану, құқық, экономика, саясат, философия, тіл білімі, журналистика, педагогика, психология, биотехнология және жаратылыстану бойынша кітаптар ұсынылған. Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтитын тарих саласы бойынша кітаптар, көптеген анықтамалық материалдар жинақталған. Бөлімде  сондай-ақ  түрлі саладағы менеджмент мәселелерімен айналысатын студенттерге және жас мамандарға арналған оқу құралдары, қазақ тілін өз бетімен үйренушілерге арналған анықтамалық  жинақтар қойылған.
   «Көркем әдебиеттер» бөлімінде қазақ әдебиетінің танымал классиктері: Міржақып Дулатовтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Жүсіпбек Аймауытовтың және басқалардың көп томдық таңдамалы шығармалары және ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ жазушылары: Мырзагелді Кемелдің, Тәкен Әлімқұловтың, Сәкен Жүнісовтың, Рымғали Нұрғалидың еңбектері ұсынылған. Сондай-ақ оқырмандар қазақстандық жас буын авторлардың шығармаларымен және балаларға арналған әдебиеттер топтамасымен таныса алады.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

           

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование