KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887465
2019 жылы:  21180
бүгiн:  1
қазiр:  24
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.01.2014

   2014 жылы 21 қаңтар, сағ. 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында ЮНЕСКО-ның «Әлемдік мұра» бағдарламасы бойынша Қазақстандық ұлттық комитетінің отырысы өтті. 

   Отырыс құрамында ұлттық комитеттің төрайымы, ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Г.Қ.Балабекова және комитет мүшелері: Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры М.А.Тәжімұратов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Кинофотоқұжаттар және дыбыстық жазбалар  орталық  мемлекеттік мұрағатының директоры А.Ф.Сеитова, Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы мұражайының директоры Д.А.Қонаев, ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының орынбасарлары Б.Қ.Оспанова мен А.Х.Юсупова бар жұмысшы тобының қатысуымен өтті.

   Отырыста Қазақстанның құжаттық мұрасы объектілерінің ұлттық тізілімін дайындау, Халықаралық тізілімге енгізу үшін номинацияларды анықтау және Ұлттық комитеттің 2014 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы мәселелер қаралды. Құжаттық объектілерді қарастыру және талқылау барысында ЮНЕСКО-ның «Әлемдік мұра» деректі мұрасының Бүкіләлемдік тізіміне БҒМ-нің "Ғылым ордасы"  Ғылыми кітапханасында сақталып отырған «Хандар шежіресі» (хандар генеалогиясы) бірегей қолжазбасын енгізу үшін 2014 жылы өтінімді ұсыну туралы шешім қабылданды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование