KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887458
2019 жылы:  21173
бүгiн:  1
қазiр:  17
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.01.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінде белгілі орыс кеңес жазушысы А.П.Гайдарға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Гайдар Аркадий Петрович (Голиков) (1904-1941) 1904 ж. 9 қаңтарында Льговта мұғалім отбасында дүниеге келді. Ол өзінің балалық шағын  Арзамаста өткізді. Жаяу әскерлер курсын бітірді. 13 жасар жазушы бұқаралық жиындарға қатысып, Арзамастың көшелерін күзетіп, большевиктердің байланысшысы болады. 14 жасында РКП қатарына өтіп, жергілікті «Молот» газетінде жұмыс жасайды. Аркадий 1919 ж. қаңтарында жасын жасырып өз еркімен Қызыл Армия қатарына кіреді, артынша адъютант болып, қызыл командирлер курсында оқиды, ұрысқа қатысып, сол жерде жарақаттанады. 1920 жылы Аркадий Голиков штаб комиссары, 1921 ж. Нижгородтағы полк командирі болды. Ол Кавказ майданында, Донда, Сочи маңында соғысып, Антонов көтерілісін басуға, Хакасиядағы операцияларға қатысты.      
   1925 ж. бірінші жарық көрген повесі «В дни поражений и побед» «Звезда» журналында басылып шықты. Бұл повесть оған табыс әкелмеді. Голиков 1925 ж. Пермь қаласында тұрып, сол уақытта жергілікті жұмысшылардың патша билігіне қарсы күресі туралы «Жизнь ни во что» повесін, «Угловой дом» новелласын «Гайдар» деген лақап  атпен (түрік сөзі - «алға шабатын салт атты») жазды. Пермьдік «Звезда» газетіне және басқа да баспаларда жазушы фельетондарын, өлеңдерін, Орта Азияға саяхат туралы қолжазбаларын, фантастикалық әңгімесі   «Тайна горы», «Рыцари неприступных гор» повесінен үзіндісін (басқа аты  «Всадники неприступных гор» (1927), «Пулемётная пурга» (1926) поэмасын, «Р.В.С» (1925)  әңгімесін басып шығарды. 1927 ж. бастап Гайдар Свердловскіде тұрды, сол жерде «Уральский рабочий» газетінде  «Лесные братья» (басқа аты «Давыдовщина» - «Жизнь ни во что» повесінің жалғасы) повесі жарияланды.
   1927 ж. кең танымал болған жазушы Москваға көшіп, сол жерде көптеген  публицистикалық шығармаларын және өлеңдерін, детективті шым-шытырман оқиғалы «На графских развалинах» повесін (1928) шығарды. Повесть 1957 ж. экранда сомдалды. 1931 ж. Гайдар Хабаровскіге «Тихоокеанская звезда»  газетіне корреспондент болып кетеді. 1930 ж. Гайдардың ең танымал шығармалары: «Школа» өмірбаяндық повесі, «Тимур и его команда» повесі (1940), оның  жалғасы - «Комендант снежной крепости» (1941), «Клятва Тимура» киносценарийі, «Дальние страны» (1932), «Сказка о военной тайне» (1933), «Военная тайна» (1935), «Судьба барабанщика»  (1938), «Голубая чашка» (1936), «Чук и Гек» әңгімесі  (1939) және басқалары жарық көрді.
   1941 ж. шілдесінде жазушы «Комсомольская правда» газетінің корреспонденті болып майданға аттанады. Осы уақытта оның  «Мост», «У переправы» және басқа очерктері жазылды. 1941 ж. тамыз-қыркүйек айларында «Мурзилка» журналында Гайдардың балаларға арналған философиялық «Горячий камень» ертегісі басылып шықты. Гайдардың көптеген шығармалары сахналандырылған және экрандалған: «Чук и Гек» (1953), «Школа мужества» (1954), «Судьба барабанщика» (1956).
   1941 ж. 26 қазанда Гайдар Украинада фашистермен айқаста мерт болды. 
   Ол  елді көп аралап, әртүрлі адамдармен кездесіп, өмірді өзіне беріле сіңірді. Ол жабық кабинетте жайлы столда жазуға үйренбеген. Өзінің кітаптарын жолай құрастырып, жолда ойлап тауып, бүкіл беттерін жатқа қайталап, содан кейін оларды жәй дәптерге жазған. «Оның кітаптарының шыққан жері  - әртүрлі қалалар, ауылдар, тіпті поездар». 
   Оның кітаптарының көпшілігі бұрынғы одақтас республикалар тілдеріне  және басқа да шет тілдеріне аударылған. Ол өзінің еңбектері үшін «Знак Почета»  орденімен  марапатталған.

   Кітап көрмесін ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан А.П.Гайдардың шығармалары және ол туралы  әлем тілдеріндегі әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне келіңіздер!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование