KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887525
2019 жылы:  21240
бүгiн:  1
қазiр:  56
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.01.2014

   2014 жылы 22 қаңтар, сағ. 11.00-де Көрмелер залында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент И.В.Ерофееваның «Между всеми старшинами знатнейший». Первый казахский тархан Жанибек Кошкарулы» кітабының тұсаукесері өтті.

 Кітаптың кейіпкері – есімі ХVII ғасырдың соңы мен ХVIII ғасырдың ортасындағы қазақ тарихындағы отандық әдебиеттің шежіресіне айналған қазақтың атақты батыры Жәнібек Қошқарұлы. Оның даңқы «Ұлы апаттан» кейін, яғни Ш.Ш.Уәлиханов «Қазақ серілігінің ғасыры» деп дәл тауып айтқан тарихи заманда бүкіл халыққа жайылды. Кейінірек Жәнібек тек әскери салада ғана емес, сонымен бірге өз халқының қоғамдық-саяси өмірінде де биіктен көріне білді.
Кітапта көптеген түп-деректердің негізінде қазақ көшпелі қоғамының тарихындағы батырлықтың феномені алғаш рет зерттеліп отыр. Соның нәтижесінде, Жәнібек батырдың іс-әрекеті сол замандағы тарихи және әлеуметтік-мәдени мәнмәтінде кеңінен қамтылады.
   Ауыз халық жадының әр кезеңдегі материалдары мен ХVII ғасырдың бірінші жартысындағы көптеген жазбаша дереккөздері кітап жазудың фактографиялық негізі болды. Зерттеу кең ауқымдағы құжаттамалық қосымшалармен қамтылған, солардың ішінде орыс аудармалары және қазақ батырының түрлі тұлғаларға жолдаған хаттарының түпнұсқалық мәтіндерінің факсимелесі бар. Тарихи құжаттардың көпшілігі ғылыми айналымға тұңғыш енгізіліп отыр. Басылым тарихшыларға, отандық тарихтың оқытушыларына, студенттерге, мәдени-ағарту мекемелерінің қызметкерлеріне, мектеп оқушылары мен қалың оқырманға арналған.

   Іс-шараны модератор көрнекті мәдениеттанушы-ғалым, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов жүргізді.

   Тұсаукесерде: К.М.Байпақов, С.Тұрғынбекұлы, М.С.Шайкемелев, М.К.Сембин, С.С.Нұркеев, Ж.Бекболатұлы және т.б. сөз сөйлеп, өз пікірлерімен бөлісті. И.В.Ерофееваның шығармашылығына талдау жасап, Қазақстан тарихы саласына қосқан рөлі мен маңызын ерекше атап өтті.

   Шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасына, Алматы қаласының кітапханаларына  және қонақтарға жаңа басылым сыйға тартылды.

   Іс-шараның аясында «Ерофеева Ирина Викторовна» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Тұсаукесерге белгілі тарихшылар, жазушылар, қоғам қайраткерлері, Алматы қаласының кітапханашылары, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование