KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062806
2019 жылы:  128341
бүгiн:  2211
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.01.2014

   Өнер бөлімінің оқу залында әнші, Қазақстанның халық әртісі Рәбиға Есімжанованың 100 жылдық  мерейтойына арналған «Әсем әні – сахна сәні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Рәбиға Есімжанова (1914-1986)– әнші,Қазақстанның халық әртісі. Ақмола облысы Қорғалжын ауданында дүниеге келген. 1931 жылы Алматы қаласына келіп, Қазақтың мемлекеттік драма театрына жұмысқа орналасады.  Кейін Семей облыстық музыкалық драма театрына ауысып, Еңлік, Айман (М.Әуезов «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан» пьесасы), Жібек (Е.Г.Брусиловский «Қыз Жібек» операсы) және  т.б. сахналық бейнелерді сомдады. Кейін Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театрына қабылданып, бұрынғы Кеңес Одағының қалаларына гастрольдік сапарлармен шыға бастады. Рәбиға өзінің орындаушылық шеберлігін ұдайы шыңдай түсіп, халық ақындары мен сазгерлері Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұсаның әндерін орындады. Сонымен қатар, Қазақстан композиторлары: С.Кәрімбаевтың «Көктем», «Қаракөз», «Ақ ерке», Ә.Еспаевтың «Өзгеге көңілім тоярсың», «Өзің де жігіт қызықсың», Ш.Қалдаяқовтың «Бәрінен де сен сұлу», «Қайдасың» шығармаларын нақышына келтіре орындаған.
   1946-60 жылдары Қазақ радиосының, 1960 жылдан өмірінің соңына дейін «Қазақконцерттің» әншісі болды.
   1958 жылы КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Рәбиға Есімжанованың өмірі мен шығармашылығы жайында әдебиеттер ұсынылған.  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование