KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062727
2019 жылы:  128262
бүгiн:  2132
қазiр:  3
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.01.2014

   2014 жылы 24 қаңтар, сағ.11.00-де Көрмелер залында белгілі қазақстандық журналист, «Юридическая газета» меншікті тілшісі, бүкілодақтық, республикалық және облыстық  журналистік байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы Кабдырахман Наурызбаевтың танымал заңгер, Қазақстан Республикасы Әскери Сотының төрағасы Серік Байбатыровтың тағдыры туралы «Власть любви» кітабының тұсаукесері өтті.

 Бұл кітап бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының әлеуметтік жаңғырылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында көңіл бөлінген еңбекті және еңбек адамын дәріптеу аясында өзекті болып табылады.
 Повесть кейіпкері Серік Байбатыров 1975 жылы 26 жасында Талдықорған облысының Гвардейскі аудандық сотының судьясы болды. Сол кездің өзінде ол сот ісіне партия органдарының араласуы іспетті қиындықтармен бетпе-бет келді. 1990 жылы сәуірде Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің халық депутаттығына баламалы негізде сайлауға түсіп, өзінің 10 бәсекелесінен сайлау алды күресте жеңіске қол жеткізді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жетекшілігімен жүргізілген сот жүйесін реформалау ісіне белсенді араласты. 
   Повесте Қазақстанның деректі прозасы тарихында алғаш рет судьяның бет-бейнесін көрсетуге, сот ісі жөнінде баяндауға талпыныс жасалған. Кітап судья қызметінің қиындығы мол, күрделі және көпқырлы, адамның еңсеруі қиын орасан зор моральдық-психологиялық  күшін қажет ететін мамандық екенін баяндайды.
   Серік Байбатыров – Алматы қаласы және Алматы облысының құрметті азаматы, заң ғылымдарының кандидаты.

   Іс-шараны жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері М.Ізбасаров жүргізді.

   Тұсаукесерде: Ә.Қойшыбаев, Ж.Арғынбаев, Т.Меңдібаев, Е.Яскевич, Б.Анарбаева, Р.Сыздықова және т.б сөз сөйлеп, авторға алғыс айтты. Серік Байбатыровтың  Қазақстанның заң ғылымына сіңірген еңбегі туралы өз пікірлерін білдіріп, маңыздылығын атап өтті.

   Шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасына, Алматы қаласының кітапханаларына және қонақтарға жаңа басылым сыйға тартылды.

   Іс-шараның аясында «Серік Байбатыров» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  

  


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование