KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887533
2019 жылы:  21248
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.01.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына орай «Сапалы біліммен – сенімді болашаққа» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті – Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орны. Университеттің ресми ашылған күні – 1934 жылдың 15 қаңтары. Университет құрылғанда мемлекет және партия қайраткері Сергей Миронович Кировтың есімі берілді. Сол кезде алғашқы екі факультет: физика-математика және биология факультетіне 54 студент қабылданып, оқытушылар құрамы 25 (олардың арасында 5 профессор, 10 доцент) адамнан тұрды. 
 Қазақ мемлекеттік университетінің тұңғыш жетекшісі болып Оликов Федот Трофимович тағайындалды (1934-1939). 40-жылдардың бас кезінде университет құрамында 23 кафедрадан тұратын үш жаратылыстану факультеті (биология, физика-математика және химия) мен екі гуманитарлық факультет (филология  және журналистика) жұмыс істеді. Ұлы Отан соғыс жылдарында университеттен өз еркімен 287 адам майданға аттанды.
   Университеттің жетекші кафедраларын ғылым докторлары, профессорлар Әбекен Бектұров, Ісмет Кеңесбаев, Сергей Покровский, Константин Персидский және т.б. басқарды. Академиктер М.Әуезов, Қ.Сәтбаев сынды ірі ғалымдар дәрістер оқыды. Осы жылдары ректорлар Иван Лукьянец (1940-1947ж.), Төлеген Тәжібаев (1947-1953ж.), Асқар Зәкәрін (1953-1955ж.) және Темірбай Дарқанбаев (1955-1961 ж.), Өмірбек Жолдасбековтер (1970-1986ж.) университеттің даму қарқыны мен бағытын қамтамасыз ететін негізгі тізгінді басқарды.
   1970 ж. желтоқсан айында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі ҚазМУ кешенінің құрылысы туралы шешім қабылдады. 1971 ж. сәуірде ҚазМУ бас ғимаратының алғашқы  іргетасы қаланып «ҚазМУ қалашығы» сынды бірегей кешен, 10 оқу корпусы, 17 жатақхана, Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы, спорт кешені, әскери кафедра, дәрігерлік пункт, ғылыми кітапхана, «Сана» телерадиостудиясы және т.б. қамтыған жоба жүзеге асырыла бастады.
   1991 жылы университетке ұлы ойшыл, философ Әбу Насыр ибн әл-Фараби есімі берілді. 1993 жылдың 9 қаңтарындағы №1059 «әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің мәртебесі туралы» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қаулысымен университетке автономиялық мемлекеттік жоғары оқу орны мәртебесі беріліп, ол енді әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті деп аталатын болды. Қазақстанның белгілі мемлекеттік және қоғам қайраткерлері Қ.К.Тоқаев, жазушылар Т.Молдағалиев, Д.Исабеков, Мәжіліс депутаты З.Балиева, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы К.Н.Келімбетов, белгілі заңгер М.Нәрікбаев, ғалым-педагог Қ.А.Сағадиевтер университеттің бітірушілері.
   2006 жылы Қазақ ұлттық университеті мемлекет тарихында бірінші болып сапа жағынан жеткен жетістіктер үшін Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының иегері атанды.

   Кітап көрмесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алғашқы жылдардағы жұмысы және бүгінгі күнгі өмірін баяндайтын басылымдар ұсынылған. Сондай университеттің әр жылдардағы жұмысы жайлы, жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамының еңбектері көрмеге қойылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование