KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887499
2019 жылы:  21214
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.01.2014

   2014 жылы 29 қаңтар, сағ. 15.00-де Көрмелер залында  белгілі актриса, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Сәбира Майқанованың 100 жылдығына орай «Мәңгі өлмес өнер иесі» атты еске алу кеші  өтті.

   Кеш Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында ұйымдастырылды.
   Сәбира Майқанова 1914 ж. Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. 1932 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданады. Шығармашылық жолы осы театрдың тарихымен, өсу жолымен тығыз байланысты. Театр сахнасында ойнаған тұңғыш рөлі Б.Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай. Бұдан кейін ол қыз-келіншектер мен замандас құрбыларының сахналық тұлғасын жасады. Роза (Д.Рахманқұлов - «Документ»), Зотова (В.М.Киршон - «Астық»), Рая (М.Әуезов - «Алма бақ»), Гүлжәмила (М.Әуезов, Д.Тәжібаев -  «Ақ қайың»), Любовь Яровая (К.А.Тренов - осы аттас пьесасында), Ұлжан (М.Әуезов - «Абай»), Толғанай (Ш.Айтматов - «Ана-Жер-Ана») т.б. рөлдерді сомдады. 1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. 1954 жылдан Мақпал («Махаббат дастаны»), Гүлбарша («Қыз бен жігіт»), Торғын («Біз осында тұрамыз»), Дәметкен («Құйма»), т.б. фильмдеріне түскен. Жазушы Д.Исабековтің актрисаға арнаған «Мұрагерлер» драмасы бойынша қойылған спектакльде басты рөлді - Салиқаны сомдады. 1973 жылы Қазақ академиялық драма театрының құрамымен Ширазда (Иран) өткен 2-ші Халықаралық театр фестиваліне қатысады.
   Сәбира Майқанова КСРО-ның «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және медальдармен марапатталған. Актриса тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған.

   Кеш модераторы - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, театр сыншысы, профессор Әшірбек Сығай.

   Кеште сөз сөйлегендер: Ә.Әшімов, Н.Мышбаева, Д.Исабеков, Т.Тасыбекова, А.Рақымов, Р.Машурова және т.б. Сөз сөйлегендер Сәбира Майқанованың Қазақ кино және театр өнеріне қосқан үлесі туралы   ой-естеліктерімен бөлісті. Т.Тасыбаеваның орындауында «Ана - жер ана» спектакілінен үзінді оқылды.

   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан Сәбира Майқанованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Мәңгі өлмес өнер иесі» атты безендірілген  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қатысушылар: белгілі театр және кино актерлері, қоғам қайраткерлері, өнертанушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, БАҚ өкілдері.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование