KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062651
2019 жылы:  128186
бүгiн:  2056
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.02.2014

   2014 жылы 5 ақпан, сағ. 11.00-де Көрмелер залында ғалым, ақын, публицист және ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының «Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары – мәңгілік мұра» атты дөңгелек үстел аясында ғалымның алты томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.

 Іс-шараның мақсаты – А.Байтұрсынұлының әдеби-ғылыми мұрасының зерттелуі жөнінде сараптамалық талдау жасау және ғалым шығармаларының бүгінгі салауатты ұрпақ арасында оқылуын насихаттау.

 Модераторы: Ахмет Байтұрсынов мұражайының директоры, филология ғылымының кандидаты, доцент Райхан Имаханбет.

  Кеште сөз сөйлегендер: А.Ісімақова, С.Исаев, Б.Нәсенов, Ғ.Әнес, М.Нәлібаев, С.Арпабекұлы, Р.Төлемісова, Р.Хариқызы, Г.Дәулетова, Г.Амантайқызы және т.б. «Ғалым» қазақ ұлттық гимназиясының оқушылары ақынның  өлеңдерін оқыды.

   Іс-шараның аясында Ұлттық кітапхана қорынан Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлтым деп өткен ұлы тұлға» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Іс-шара барысында ғалым мұрасын насихаттап жүрген ахметтанушылар мен «Ұлт болмысы» журналына қолдау көрсетіп жүрген тұлғалар марапатталды және жаңа басылым ҚР Ұлттық кітапханасына, қонақтарға сыйға тартылды.

   Жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, тіл-әдебиет, тарих, мәдениет зерттеуші-ғалымдар, ақын-жазушылар, баспагерлер, оқырмандар, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.

      

      

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование