KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887508
2019 жылы:  21223
бүгiн:  1
қазiр:  54
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.02.2014

2014 жылғы 28-29 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Г.К.Балабекова Санкт-Петербург қаласындағы Ресей ұлттық кітапханасы – Императорлық көпшілік кітапханасының ашылуына 200 жыл толуына арналған Халықаралық конференция жұмысына қатысты. Аталған конференция Ресей Федерациясының Президенті Қаулысымен 2013 ж. 22 сәуірде жарияланған Ресей Федерациясындағы Мәдениет жылында өткізілген алғашқы шара болды.

   Конференцияда келесі мәселелер талқыланды:
   - Жалпы мәдени мұра  – интеграциялық үдерістердің негізі,
   - Ұлттық кітапханалардың біріккен жобалық қызметтері,
   - Заманауи технологиялар – бірыңғай ақпараттық-мәдени кеңістіктің негізі,
   - Мәдени ынтымақтастық – мемлекеттік интеграциялық үдерістердің шарттары,
   - Кәсіби қарым-қатынас ақпараттық кітапхана саласында,
   - Еуразия Кітапханалық Ассамблеясы және т.б. қызметтері.

   Конференция шеңберінде «Ұлттық кітапханалардың қоғамдық дамудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, пленарлық отырысты А.В.Лихоманов пен Г.К.Балабекова жүргізді. Дөңгелек үстел жұмысына ТМД ұлттық кітапханаларының директорлары қатысты және  түрлі елдер кітапханалары ынтымақтастығының мүмкіндіктері мен перспективалары, ұлттық кітапханалардың бірлескен жобалық қызметтері, кітапханаларда заманауи ақпараттық технологияларды және т.б. қолдану сияқты мәселелер талқыланды. ҚР Ұлттық кітапханасы директоры Г.К.Балабекова «Қазақстан Республикасы кітапханаларының Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысуы» тақырыбында баяндама жасады.  Сондай-ақ, конференция шеңберінде, РҰК шығарған  ғылыми жұмыстар, сондай-ақ,  оның әртүрлі тарихи кезеңдердегі қызметтерімен байланысты басқа да жәдігерлер ұсынылған «Ресей ұлттық кітапханасы: ашылуына 200 жыл. Өткенді сақтай отырып, болашақты ашамыз» көрмесі қойылды.
   Мерейтой күндері РҰК құттықтау үшін: Ресей Федерациясының Мәдениет министрі В.Р.Мединский, ТМД ПАА бас хатшысы А.И.Сергеев,Мемлекеттік Дума депутаты Е.Г.Драпеко,  Санкт-Петербург Мәдениет комитеті төрағасының бірінші орынбасары  Б.А.Илларионов, Халықаралық кітапханалар қауымдастығы мен мекемелері Федерациясының Президенті (ИФЛА) Синикка Сипиля, Еуропа ұлттық кітапханалары директорлары Конференциясының төрағасы (CENL),  Франция ұлттық кітапханасының президенті Бруно Расин  және басқа да көптеген отандық және шетелдік  кітапханалардың өкілдері  сөз сөйледі.
   Конференция жұмысы туралы толық ақпаратпен http://www.nlr.ru/nlr_history/200/conf/gen.html  өту арқылы танысуға болды.

    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование