KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887476
2019 жылы:  21191
бүгiн:  1
қазiр:  33
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.02.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінде орыстың ұлы ғалымы Дмитрий Иванович Менделеевке (1834-1907) арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Дмитрий Иванович Менделеев 1834 жылы 8 ақпанда Тобольск қаласында гимназия директорының отбасында дүниеге келген. Тобольск гимназиясын бітірген соң Петербургтегі бас педагогикалық институтының физика-математикалық факультетінің жаратылыс ғылымы бөлімінде оқыған.
  Қаражат керек болғандықтан Менделеев дәріс беріп, әдеби жұмыспен айналысқан. 1855 ж. институтты алтын белгімен бітірген соң денсаулығы болмағандықтан, оңтүстікке кетіп, Ришелье лицейі жанындағы гимназияда мұғалім болып істеуге мәжбүр болды. Денсаулығы дұрысталғаннан кейін, 1856 ж. Менделеев Петербургте магистрлік диссертацияны қорғап, Петербург университетінде органикалық химия курсын өткізе бастады.
   1859-1861 ж. «ғылымдарда білімін жетілдіру үшін» Гейдельбергке іс-сапарда болды. Қайтып оралғаннан кейін Менделеев «Органикалық химияны» - осы дисциплинадағы алғашқы орыс оқу¬лы¬ғын жазды, кейін бұл оқулық Демидов премиясын алған.
   1865 ж. Менделеев ерітінділер туралы жаңа зерттеулердің негізін салған докторлық диссертацияны қорғады және Петербург университетінің профессоры болды. Менделеев басқа да жоғарғы оқу орындарында дәріс берді.
   1865 ж. ғалым Мәскеу губерниясындағы Боблово жерін сатып алып, агрохимия мен ауыл шаруашылығымен айналысқан. 1869 ж. Менделеев химиялық элементтердің периодикалық заңын ашты және 1871 ж.  «Химия негіздері» классикалық жұмысын жазды. 1880 ж. Менделеев академик лауазымына ұсынылды, бірақ сайланбай қалды. Бұл жағдай халық арасында наразылық тудырды. 1890 ж. ол студенттерге қысым көрсетулерге қарсылық ретінде университетті тастап кетті. 
1890-1895 ж. Менделеев Теңіз министрлігінің ғылыми-техникалық лабораториясында кеңесші болды, 1892 ж. өзі ойлап тапқан түтінсіз оқ-дәрі өндірісін жолға қойды. 1893-1907 жж. Өлшем мен салмақ бас палатасының ұйымдастырушысы және бірінші директоры болды.
   Менделеев Урал өнеркәсібін зерттеу мақсатында үлкен экспедицияны басқарды. 1900 ж. Париждегі әлем көрмесінің жұмысына қатысты, Ресейдің экономикалық қайта құру бағдарламасын жасады. Көзі тірі кезінде аты әлемге әйгілі болды. Менделеев Орыс химиялық қоғамының (1868) негізін салушылардың бірі болды және оның президенті болып бірнеше мәрте сайланды.
   Д.И.Менделеев 90-нан астам ғылым академияларының, ғылым қоғамдарының, көптеген елдердің университеттердің мүшесі болды. №101 (менделевий) химиялық элементін, Айдың арғы бетіндегі су асты тау жоталары және кратеріне, оқу ұйымдарының және ғылыми институттарының біразына Менделеев аты берілген. 1962 ж. КСРО Ғылым академиясы химия мен химиялық технологиялар туралы үздік еңбектері үшін Д.И. Менделеев атындағы Алтын медаль мен сыйақы тағайындады. 1964 ж. Евклид, Архимед, Н.Коперник, Г.Галилей, И.Ньютон, А.Лавуазье аттарымен қатар, АҚШ Бриджпорт университетінің Құрмет тақтасына Менделеев аты енгізілді.
   Менделеев 500-ден астам басылымдарды қалдырды. Ол химия, химиялық технологиялар, физика, метрология, метеорология, ауыл шаруашылық, экономика, әуеде қалқу, халық ағарту және тағы басқа туралы іргелі зерттеулердің авторы болып табылады. Химиялық элементердің периодикалық заңын ашуы мен «Химия негіздерін» (органикалық емес химияның алғашқы мазмұны) жазуынан басқа ғалым ерітінділер теориясының негізін салды, минералды тыңайтқышты қолдану мен шөл жерлерді суартуды насихаттады. Д.И.Менделеев Петербургте 1907 жылы 2 ақпанда қайтыс болды.

   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Д.И.Менделеевтің еңбектері және өмірі мен қызметі туралы әлем тілдеріндегі әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование