KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887442
2019 жылы:  21157
бүгiн:  1
қазiр:  2
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.02.2014

   Өнер бөлімінің оқу залында Қазақстанның еңбек сіңірген  өнер қайраткері, белгілі кинооператор, кинорежиссер Марк Берковичтің 100 жылдық мерейтойына арналған  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Беркович Марк Исаакович (1914-1986) – кинооператор, кинорежиссер, 1914 жылы Одесса қаласында дүниеге келген. 1937 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын бітірген. Кеңес киносының мэтрлері А.Головни, Б.Волчек, Л.Косматов, А.Гальпериндерден сабақ алып, С.Эйзенштейн, А.Птушконың түсіру тобында, Е.Дзиганның көмекші операторы, одан екінші операторы, 1937-1941ж. аралығында «Мосфильм» киностудиясының операторы болып жұмыс істеді. 
Ұлы Отан соғысына қатысып, 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Соғыстан кейін 1956 жылы «Моснаучфильм» киностудиясында оператор болып қызмет етеді. 1956-1986 ж. «Қазақфильм» студиясында қызмет етті. Қазақстанның көрнекті режиссері Шакен Аймановпен бірлесіп, бірнеше көркем фильмдер түсірді: «Біз осында тұрамыз» (1957),  «Біздің сүйікті дәрігер» (1958),  «Бір ауданда» (1960), «Әнші ауыл» (1961), «Алдар көсе» (1965), «Тақиялы перішті» (1968)  және т.б. 1947 жылы естелік ретінде өзінің досы және серіктесі Шәкен Аймановқа арналған әңгіме-кино түсіріп, ол жайында кітап жазды. 1958 ж. Марк Беркович Бүкілодақтық кинематография институтының операторлық факультетінің шебер басшысы болды, сонымен қатар Қазақстандағы кино өнерінің дамуының қалыптасуына белсене атсалысты.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан кинооператор және кинорежиссер М.И.Берковичтың өмірі мен шығармашылығы жайында әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование