KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062567
2019 жылы:  128102
бүгiн:  1972
қазiр:  20
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.02.2014

   2014 жылы 14 ақпан, сағ. 16.00-да Көрмелер залында «Қазақтың  дәстүрлі (ән-күй-жыр) музыкасының  аймақтық стильдері» атты лекция-концерт өткізілді. 

    Кеш Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында ұйымдастырылды.

      Іс-шараның мақсаты – Маңғыстау, Орал-Атырау, Арал-Ақтөбе, Сыр бойы, Қаратау, Жетісу, Арқа, Алтай-Тарбағатай өңірлерінде дамыған қазақтың музыкалық және  музыкалық-поэзиялық өнерінің бай мұрасын таныстыру.

   Концертке белгілі дәстүрлі ән орындаушылары, ҚР еңбек сіңірген әртістері, ҚР мәдениет қайраткерлері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ұстаздары: Абдулхамит Райымбергенов, Рамазан Стамғазиев, Талғат Мұқұшев, Нұржан Жанпеисов, Ұлжан Байбосынова, Еркін Шүкіманов, Айгүл Қосанова, Ардақ Исатаева, Мұрат Әбуғазы, Тлеулес Құрманғалиев, Ерболат Шалдыбеков, Шолпан Даржанова, Нұрғиса Дауешев т.б. қатысты.

   Кешті өнертану ғылымының докторы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының профессоры Гүлзада Омарова жүргізді.


      

    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование