KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062728
2019 жылы:  128263
бүгiн:  2133
қазiр:  4
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.02.2014

   Мерзімді басылымдар бөлімінде ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына арналған «Спорт – халық мақтанышы» атты көрме ұйымдастырылды.

   Көрмеге 2014 жылдың 7-23 ақпан аралығында Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада туралы материалдар ұсынылған.
   Көрмеде өткен Олимпиада оқиғаларын қамтитын материалдар, Олимпиада тарихы,  өткен жылдардағы  әлемнің түрлі елдерінің Олимпиада чемпиондары жайлы ақпараттық анықтамалар, Олимпиада жайлы қазақстандық және ресейлік газет-журналдар: Спорт экспресс, Казахстанская правда, SPORT REVIEW, Физкультура и спорт, Спортивная жизнь России, Егемен Қазақстан басылымдары мен энциклопедиялар, анықтамалар ұсынылған.
   Осы Олимпиадаға әлемнің 80-нен астам елінен 5000-ға жуық спортшы қатысып, сайыстың 15 түрінен бақ сынауда. Олардың қатарында қазақстандық 52 спортшы бар. 
   Қысқы Олимпиада ойындары Халықаралық Олимпиада Комитетінің эгидасымен 4 жылда бір рет өткізілетін ірі халықаралық жарыс болып табылады.
   Көрме спорт сүйер қауымға және көпшілік оқырманға арналған.

   Көрмені тамашалауға шақырамыз.


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование