KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887493
2019 жылы:  21208
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.02.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында ұлы эволюциялық ілімнің негізін қалаған Чарльз Дарвиннің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Чарльз Роберт Дарвин – әйгілі ағылшын оқымыстысы, жаратылыста¬нушы, жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің табиғи сұрыпталу арқылы пайда болуы жөніндегі эволюциялық ілімнің негізін салаушы, 1809 жылы 12 ақпанда ағылшынның Шрусбери қалашығында дәрігер отбасында дүниеге келген. Дарвиннің табиғатпен тілдесуге, өсімдіктер мен жануарларды бақылауға деген қызығушылығы бала кезінен басталды. Мектепті бітіргеннен кейін Эдинбург университетінде (1825-1827) медицинаны оқыды, бірақ ол оны қызықтырмады, содан соң Кэмбридж университетінде діни білімді үйреніп, сол жерде натуралистік білім  алды. Университетті бітіргеннен кейін, 1831 жылы, «Бигл» кемесімен бес жылға созылған  дүние жүзін айналып шығу саяхатының экспедициясына натуралист болып қабылданды. Жер шарын айналған саяхат Дарвиннің органикалық әлемнің эволюциялық процесіне деген көзқарастарының қалыптасуында  ерекше роль атқарды және оның барлық одан кейінгі қызметін анықтады. Экспедиция кезінде ол жануарлар және өсімдіктер әлемінен, қазып алынған белгісіз жануарлардың коллекцияларын, геологиялық тұқымдар мен минералдардан үлкен мәліметтер жинады. 1839 жылы ол өзінің алғашқы рет көптеген Оңтүстік Америка аралдарының жануарларын – кеміргіштер, жыртқыш құстар, галапагос кесірткелері, тасбақалар, құнақ құстарды суреттеген атақты «Дневник изысканий» еңбегін басып шығарды. Өзінің қолжазбаларында Дарвин қоғамдық және саяси өмір мәселелеріне де көңіл аударды, Оңтүстік Америка индеецтерінің ауыр жағдайларын суреттеген. Геологиядан үш ірі еңбегін жариялады: «Строение и распределение коралловых рифов» (1842), «Геологические наблюдения над вулканическими островами» (1844), «Геологические наблюдения над Южной Америкой» (1846). Оның редакциялауымен «Зоология» (тт.1-5, 1839-43) еңбегі, кейінірек «Усоногие раки» (тт.1-2, 1851-54) монографиясы басылып шықты. Өзінің «Происхождение видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствуемых пород в борьбе за жизнь» (1859) негізгі еңбегінде, өсімдіктер мен жануарлардың өзгергіштігін, олардың табиғи пайда болуы  ертеректегі түрлерден екендігін көрсетеді.
   1868 жылы Дарвин «Изменение домашних животных и культурных растений» екінші еңбегін басып шығарды, бұған көптеген эволюциялық организмдердің үлгілері енгізілді. 1871 жылы Дарвиннің тағы бір маңызды еңбегі - «Происхождение человека и половой отбор» жарық көрді, мұнда ол адамның жануарлардан пайда болғанына дәлелдер келтіреді. Оған қосымша адамның көңіл-күйінің әлемін  зерттеудің ғылыми бастамасын салған  «Выражение эмоций у человека и животных» (1872) кітабы жарық көрді.
   Дарвин Ұлыбритания және басқа европалық елдердің көптеген ғылыми қоғамдарының сыйлықтарына ие болды. Ұлы оқымысты 1882 жылдың 19 сәуірінде  қайтыс болды.

   Көрмеге Ұлттық кітапхана қорынан Чарльз Дарвиннің өмірбаяны мен ғылыми еңбектері орыс, қазақ және шетел тілдеріндегі әдебиеттер ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование