KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887539
2019 жылы:  21254
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.02.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында орыс жазушы-сатирик И.Крыловқа арналған «Ұлы мысалшы – Иван Андреевич Крылов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Иван Андреевич Крылов - орыс ақыны, мысалшы, аудармашы Ресей Императорлық Академиясының статтық кеңесшісі, толық мүшесі (1811), Петербург Ғылым Акаде¬миясының Академигі. И.Крылов 1769 жылы 14 ақпанда Мәскеу қаласында әскери капитанның отбасында дүниеге келген. 1775 жылы әкесі отставкаға шығып, отбасы Тверь қаласына қоңыс аударады. Болашақ мысалшы мардымсыз білім алды, бірақ, өзінің айрықша қабілеттерімен, бала кезінен көп оқи отырып, өздігінен білім алумен қажырлы да табанды айналаса отырып, өз заманының ең оқымысты, білімді адамы болды.
   Жас кезінен И.Крылов ең әуелі сықақ-жазушы, «Почта духов» сықақ журналын шығарушы және «Трумф» атты пародиялық  трагикомедияда 1 Павелді  келеке етіп жазған жазушы ретінде танылды. 1786-1788 ж. И.Крылов «Клеопатра», «Филомела» трагедияларын, «Бешенная семья», «Проказники», «Сочинитель в прихожей» комедиялық циклін жазды. Бұл комедияларда ол жоғары қауымның бұзақылық және моральдық қуыстығын мысқыл етті. Крыловтың сатирасы патша отбасының ызасын туғызды, сөйтіп оның шет аймаққа көшіп кетуіне мәжбүр етті.
   Жас драматург әдеби және театр орталарында таныла бастайды. 1790 жылы Крылов Швециямен бейбітшілік орнату мәселесіне арналған ода жазып, өз азаматтылығы мен сөз шеберлігін байқатты. 1792 жылы ол баспахананың иесі болып, сықаққа бейімделген өткір бағдарламалы «Зритель» журналын шығара бастайды. Журналда автордың ең ірі «Каиб» пьесасы, «Түндер» ертегісі, сықақ-публицистикалық эссе мен памфлеттері («Менің атамның жадысына айтулы сөз» және т.б.) шығармалары жарық көрді.
   Мысалшы ретінде Крылов 1809 жылы алғашқы мысал кітабы шыққан кезден бастап таныл¬ды. Крылов мысалдары орыс мақал-мәтелдер әлемімен тығыз байланысты болды. Автордың кейбір қанатты сөздері біздің тілімізге еніп, мақал-мәтел болып кетті. 1809-1843 ж. И.Крылов 200-ден аса мысалдардың авторы ретінде танылды. Крылов мысалдары тоғыз бөліммен шықты және сол уақыттағы көп таралыммен қайта жарық көрді. Содан бастап оның атағы асқан мысалшы ретінде көп¬ке танылды. Крыловтың көп мысалдары музыкаға енгізілді. Мысалы, А.Г. Рубинштейн «Кукушка и Орел», «Осел и Соловей», «Стрекоза и Муравей», «Квартет» және т.б. мысалдарға ән жазған. Крылов мысалдары казіргі уақытқа дейін өздерінің өзектілігін жоғалқан жоқ. Олар 50-ден астам шетел тілдеріне аударылған.
   1812-1841 ж. И.Крылов Императорлық көпшілік кітапханасында  30 жыл қызмет атқарып, 1841 жылы отставкаға кетеді. И.Крылов өз ісіне өте ұқыпты маман болды, кітап жинап, библиографиялық көрсеткіштер мен орыс-славян сөздігін құрастырды.
   1844 жылы ұлы мысалшы 75 жасына келген кезінде қайтыс болды. Санкт-Петербург қаласында жерленген.

   Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан И.Крыловтың өмірбаяны мен басылымдары, сықақшы  туралы орыс, шетел тілдеріндегі әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование