KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887498
2019 жылы:  21213
бүгiн:  1
қазiр:  48
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.02.2014

   Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында «Бір ел - бір кітап» республикалық  акциясы аясында танымал қазақ жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайын Мұратбековтің шығармашылығына және оқуға ұсынылған «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның» атты шығармаларына арналған  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Сайын Мұратбеков (1936-2007) 1936 жылы 15 қазанда Алматы облысы Қапал ауданының  Қоңыр ауылында туған. 1963 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1954 жылы жұмысшы болып бастаған. 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналының, «Қазақ әдебиеті» газетінің редакцияларында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры. 
 1971 жылы Мәскеудегі Әдебиет институты жанындағы жоғарғы курсты бітірген. 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. - Қазақстан Жазушылар одағының басқармасының хатшысы, 1984-1986 жж. -  «Жазушы» баспасының директоры, 1988-1991 жж. - Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы, 1992-1996 жж. - «Халық конгресі» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. 
   Сайын Мұратбековтің алғашқы әңгімелер жинағы «Менің қарындасым» 1961 жылы жарыққа шықты. Одан кейін «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Жабайы алма» (1972),  «Дос іздеп жүрмін» (1973) атты әңгімелер мен повестер кітаптары басылып шығады. Автор өз шығармаларында қарапайым халықтың мақсат-мұраттарына жету жайлы әңгімелейді. Оның шығармаларының басты кейіпкерлері – ауыл зиялылары, қойшылар, оқушылар.
   2014  жылы  республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы қазылар алқасының шешімі бойынша С.Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның» атты шығармалары Қазақстанда қалың оқырман қауымға жыл кітабы болып ұсынылды. «Жусан иісі» атты повесінде 1942 жылдың оқиғалары, соғыс зардабы бақытсыздыққа ұшыратқанына қарамай, дарынды Аян атты бала, балаларға арнап ертегілерді ойдан шығару туралы жазылған. «Басында Үшқараның» атты әңгімеде  кейіпкер Әсеттің  он сегіз жасар Шынар деген  қызға нәзік сезімдері туралы айтылған.
   Жазушының бірқатар шығармалары КСРО халықтарының және шет елдердің тілдеріне аударылған. 1977 жылы автордың сценариі бойынша «Тел өскен ұл» атты көркем фильм  түсірілді.         
   С.Мұратбеков Ә.Әлімжановтың шығармаларын: «Жаушы» романын және «Көгілдір таулар», «Отырардан жеткен сый» повестерін; Г.Толмачевтің «Елбасы» және «Д.А.Қонаевпен кездескен 50 сәт»;  Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақ тіліне аударды.
   КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1981). ХІ шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты (1984-1989). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1997). М.Әуезов атындағы сыйлықтың (1990), «Тарлан» сыйлығының (2004) және  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының (2006)  иегері атанды.

   Кітап көрмесіне Сайын Мұратбековтың өмірі мен қызметі жайында материалдар және жазушының шығармалары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

             

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование