KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062760
2019 жылы:  128295
бүгiн:  2165
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.02.2014

   2014 жылы 26 ақпан, сағ.11.00-де Көрмелер залында Қазақстанның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   «Дін мен дәстүр» кітабында ар-ұят, діни рәсімдерге құрмет, әдептілік, сыпайылық, қарапайымдылық, еңбек ету, ата-ананы құрметтеу, көрші ақысы, туыстық байланыс, бауырмалдық, тілеуқорлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, т.б. ұлттық құндылықтарымыздың дінмен сабақтастығы кеңінен түсіндіріл-ген. Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің хадистермен ұқсастығы, дін мен дәстүрдің тығыз байланысы туралы көптеген мәліметтер мен дәлелдер келтірілген.
   Кітап жастарды, жалпы оқырмандарды дін мен дәстүрді құрметтеуге үндейді.

   Тұсаукесер модераторы наиб-мүфти Серікбай қажы Ораз.

   Іс шараға қатысқандар: Қазақстанның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы, жазушылар С.Елубай, Ж.Кенжалин, С.Ибадуллин, Т.Жұмабек, Г.Тәшімбай және т.б. Қонақтар дін мен дәстүр жайлы өз ойларымен бөлісті. «Нұр Мүбәрак» университетінің студенті Данияр терме орындады.

   Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Дін және дәстүр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына және Алматы қаласының кітапханаларына  жаңа басылым сыйға тартылды.

   Тұсаукесерге Алматы қаласы мешіттерінің бас имамдары мен дінтанушы-ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлері, журналистер, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары қатысты.

    

     

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование