KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887488
2019 жылы:  21203
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.02.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында «Халық тарих толқынында» бағдарламасы шеңберінде «Ұлттық тарихтың Ұлы тұлғалары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Елбасының халыққа жолдаған «Қазақстан – 2050» стратегиясы шеңберінде «Халық тарих толқынында» атты тарихи зерттеулер жүзеге асырылуда, оның мақсаты қазақ этносының объективті тарихын және көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихи негізін, Қазақстан халқының көп этникалық қалыптасу кезеңдерін, этникалық және мемлекеттік аумағының қалыптасу тарихын алдыңғы қатарлы методология мен әдістемесі негізінде жаңғырту болып табылады. 
 Қазақ халқы республикадағы түрлі тарихи үдерістер ағымына үлес қосқан данагөз ел билеушілерге, ержүрек батырларға, үздік ғалымдарға бай. Кітап көрмесінің мақсаты халқының өркендеуіне және нығаюына  өмірі мен қызметін арнаған  көрнекті тарихи тұлғалардың еңбектерін және есімдерін ұлықтау. Тарихи тұлғалар қоғамда ірі тарихи елеулі оқиғаларға қатысып өздерінің ықпалын тигізді.
   Көрмеге қазақ мемлекеттігінің қалыптасу кезеңін қамтитын, ХV-ХІХ ғасырларда өмір сүрген тұлғалар туралы кітаптар қойылған. Көрме ұлы қазақ хандары, билері, ақындары, ойшылдары және ғалымдарымен таныстырады: Махмұд Қашқари (ХV), Қасым хан (1445-1518),  Жалайыр Қадырғали (1530-1605), Мұхаммед Хайдар Дулатұлы (1499-1551), Тәуке хан (1680-1718), Әйтеке би (1644-1700), Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1665-1765), Әбілхайыр хан (1693-1748).
   Жеке бөлімде ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушылары және қолбасшылары Сырым Датұлы (1723-1802),  Исатай Тайманұлы (1791-1838), Махамбет Өтемісұлы (1803-1846),  Кенесары  Қасымұлы (1802-1847)  туралы материалдар ұсынылған.
   Кітап көрмесіне тарихи тұлғалардың өмір тауқыметі мен қызметі туралы ҚР Ұлттық кітапхананың қорынан анықтамалық энциклопедиялар, қазақстандық ғалымдардың зерттеу еңбектері, ғылыми мақалалары, сын-пікірлері, монографиялары қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование