KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887541
2019 жылы:  21256
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.02.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысының 25 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 1989 жылғы 28 ақпанда «Невада - Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысы  құрылды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның  белгілі ақыны, жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов жетекшілік етті. Антиядролық қозғалыстың басты мақсаты – тек Семей және әлемдегі барлық ядролық полигондарды ғана емес, әскери мақсаттағы ядролық сынақтарды тоқтату, ядролық соғыс қаупін жою. Қозғалыс өзінің атауын екі ядролық полигон: Невада (АҚШ) және Семей (Қазақстан) орналасқан жерінен алды.  
 Олжас Сүлейменов Қазақстандағы ядролық сынақтарды тоқтату туралы талаппен елдегі барлық қоғам, шығармашылық, діни ұйымдарға, Невада (АҚШ) штатындағы халықаралық сынақтарға тыйым салу қозғалысының жақтастарына үндеу жолдады. «Невада-Семей» қозғалысы халықаралық танылды, өйткені ол жоғары ізгілікпен, адамзатты сүюмен ерекшеленді және әлемдегі бірінші көпшілік халықаралық антиядролық қозғалыс болды.
   Семей ядролық полигоны КСРО Министрлер Кеңесінің 1947 жылғы 21 тамыздағы шешімімен құрылды. Оның орналасуы Семей қаласының батыс жағындағы Ертіс өзенінің аймағында 170 шақырым жерінде таңдалған болатын. Полигон Семей, Қарағанды, Павлодар облыстарының аймағында орналасты.
   1949 жылы  29 тамызда Семей маңындағы ядролық полигонда КСРО-дағы алғашқы атом бомбасының жарылысы болды.  40 жылда  470-тен аса ядролық жарылыстар болды.
   1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигоны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен жабылды.
   Полигон бірнеше жыл бойы тынышталғанмен, 40 жылғы ядролық сынақтың зардабын алда келешек ұрпақ та шегеді. Полигон мәселесін шешу қажеттілігі халықаралық әлеуметпен мойындалды. Антиядролық қозғалыс қоғамға үш артықшылық пен стратегиялық маңызды мәселені: экологияландыру, саясаттағы демилитаризация мен адамгершілікті сезінуге көмектесті.
   «Невада-Семей»  Халықаралық қозғалысының  дыбыс-бейне материалдары ЮНЕСКО-ның «Халық жады» құжаттық мұра бағдарламасының Халықаралық реестріне енгізілді.
   Көрмеге «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысының қызметі туралы әдебиеттер мен мерзімді басылым беттеріндегі материалдар қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование