KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887549
2019 жылы:  21264
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.03.2014

   2014 жылы 5 наурыз, сағ. 15.00-де Үлкен залда Тарас Григорьевич Шевченконың 200 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті.

   Кеш ЮНЕСКО аясында Алматы облысының Т.Г.Шевченко атындағы «Просвита - Жетісу Украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізілді.

 
  Шевченко Тарас Григорьевич (Грушевский) (1814-1861 жж.) – украиндық ақын, прозаик, суретші және этнограф, Императорлық сурет Академиясының академигі. Т.Г.Шевченконың шығармашылығы, сүйіспеншілікке, халықтың ауыр жағдайына деген аянышқа, әлеуметтік және ұлттық қанаушылық түрлеріне қарсылыққа толы, халық шығармашылығына жақындығымен, терең сыршылдығымен, қарапайымдылығымен және поэтикасымен ерекшеленеді. Шевченконың көркем суреті украин өнерінің реалистік бағытына бастама салды. 200 жылдық мерейтой ақынның туған жері Украинада ғана емес, Қазақстанда, Ресейде және басқа да елдерде кеңінен аталып өтілуде. Т.Г.Шевченконың өмірінің бірталай кезеңі Қазақстан жерімен байланысты екені белгілі: оның көркем әдеби шығармаларында қазақ елінің салт-дәстүрлері сипатталып, көркем суреттерінде бейнеленген. Тарас Григорьевич Шевченконың аты Қазақстанда мәңгі есте сақталған – оның атымен көшелер, ұйымдар аталып, ескерткіштер орнатылған.

   Әдеби-музыкалық кеш аясында Украинаның Алматыдағы Бас консулы С.А.Бобошко; Алматыдағы ЮНЕСКО өкілі А.Оразиман; Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, қажымұқантанушы Ғ.Тәшімбай; белгілі ақын, хореограф, мәдениет қайраткері  Д.Накипов; Алматы облысының Т.Г.Шевченко атындағы «Просвита - Жетісу Украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төреағасы Д.И.Стадничук, Қазақстан халық Ассамблеясының мүшесі Г.К.Иорданиди сөз сөйледі.

   ҚР Ұлттық кітапханасының жас мамандары Т.Г.Шевченконың өлендерін қазақ тілінде оқыды. Кешті Украин мәдени орталық хоры Ұлы Кобзарьдың шығармаларын орындады.

   Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапхана қорынан Т.Г.Шевченконың өмірі мен шығармашылығына  арналған «Тарас Шевченко» атты кітап көрмесі ұсынылды.

   Кешке: Алматы қаласындағы Украина консулдығынің өкілдері, ЮНЕСКО-ның өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қала жұртшылығы, ардагерлер, жазушылар, студенттер, БАҚ өкілдері, ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары  қатысты.

      

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование