KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887395
2019 жылы:  21110
бүгiн:  1
қазiр:  57
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.03.2014

   2014 жылы наурызда Көрмелер залында белгілі мемлекет қайраткері, педагог Санжар Асфендияровтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Ғалым, Қайраткер, Ұстаз» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   1912 жылы Петербургтегі әскери-дәрігерлік академияны бітіріп шығады. 1914-1915 ж. 1-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1917 ж. Ташкент жұмысшы және солдат  депутаттарының облыстық, кейін өлкелік Советінің мүшесі, 1919-1920 ж.  Түркістан АКСР-інің денсаулық сақтау, жер-су шаруашылығының комиссары, 1921-1922 ж. Түркістан АКСР-інің Мәскеудегі тұрақты өкілі, ұлт істері жөніндегі РСФСР Кеңес халық комиссариатының коллегия мүшесі. 1924 ж. РКП(б) Ортаазиялық бюросы құрамына сайланады. 1925 ж. - хатшының орынбасары және БОАК Президиумының мүшесі. 1927-1928 ж. Мәскеудегі Н.Нариманов атындағы Шығыстану институтының директоры, Мәскеу Мемлекеттік университетінің профессоры, 1928-1931 ж. Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) алғашқы ректоры, 1931- 1933 ж. Алматы медицина институтының (қазіргі С.Асфандияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті) ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры қызметтерін атқарды. 1933-1937 ж. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы төрағасының орынбасары болды, ғылыми кеңес пен насихат комиссиясын, тарих-археология комиссиясын, қазақ сөздігін жасау комиссиясын басқарды, ұлттық мәдениет жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институты тарих секторының меңгерушісінің қызметін атқарды. Зерттеуші-филолог және жазушы Қазақстан тарихы туралы көптеген жұмыстың авторы, Шығыс халықтарының өмірі туралы "Әлем шатыры" атты повесть, қазақ ұлтының мәдениеті жөнінде мақалалар жазды. 1937 ж. репрессияға ұшырады, 1958 ж. ақталды.

   Ғалымның есімі 1989 жылы Алматы медицина институтына, көшеге берілді. Тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылған.

   Көрмеде энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар, Санжар Асфендияровтың өмірі және шығармашылығы жайындағы әдебиеттер ұсынылған.  Көрмеде кітапхананың Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорынан алынған материалдар ерекше орын алады.

    Кітап көрмесіне шақырамыз!

              

    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование