KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887551
2019 жылы:  21266
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.03.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында «Жер шарындағы тұңғыш ғарышкер» атты ұшқыш-ғарышкер Ю.А. Гагаринге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Ю.А.Гагарин КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері, ғарышқа тұңғыш ұшқан адам, полковник, Кеңес Одағының Батыры, КОКП-ның мүшесі. 1934 жылы 9 наурызда Смоленск облысы Гжатск ауданының Клушино ауылында дүниеге келген. 1951 жылы Мәскеу маңындағы Люберцы қаласындағы қолөнер училищесін қалыпшы-құюшы мамандығы бойынша жұмысшы жастар мектебімен қатар үздік бітірді, кейін Саратов индустриялық техникумына жіберіліп, 1955жылы оны ойдағыдай бітірді. Ю.Гагарин өзінің авиацияға алғашқы қадамын техникумның студенті кезінде бастады. Ол Саратов аэроклубында оқып, 196 ұшуды 42 сағат 23 минутта орындады. 1955 жылы курсты бітіргеннен кейін 1-ші Чкалов әскери-авиациялық ұшқыштар училищесіне түсті. 1957 жылы училищені бірінші разрядпен бітіріп, Қызыл Ту орденді Солтүстік флоты 122-ші авиациялық атқыштар дивизиясының 169-шы авиациялық атқыштар полкінде қызмет атқарды.
   1960 жылы ерекше талантты және ержүрек ұшқыш-атқыш ретінде ғарышкерлер жасағына алынды. 1968 жылы ақпан айында Мәскеудегі Н.Е.Жуковский атындағы Әске¬ри-әуе академиясын үздік бітірді.
   1961 жылы 12 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан дүние жүзінде бірінші болып бортында ұшқыш-ғарышкер  Ю.А. Гагарин бар «Восток» ғарыш кемесі ғарышқа ұшты. Ол жер шарын 1 сағат 48 минутта айналып ұшып, жерге аман-есен оралды. Осы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, 1962 жылы 12 сәуірден бастап Гагариннің ғарышқа ұшқан күні – «Ғарыш күні» болып жарияланды. Гагарин ұшқыш-ғарышкер ретінде өзінің шеберлігін үздіксіз жетілдіріп отырды, сондай-ақ ғарышкерлер экипажда-рының оқулары мен жаттығуларына тікелей қатысты, ғарыш кемелерінің ұшуын басқарды.
   1968 жылы 27 наурызда ол ұшақтағы жаттығу кезінде авиация апатынан қаза тапты. Мәскеудегі Қызыл алаңда жерленді.
   Ю.А.Гагариннің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында РКФСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Смоленск облысының Гжатск қаласын Гагарин қаласына және Смоленск облысының Гжатск ауданын Гагарин ауданына қайта атады. Ю.Гагариннің есімі Монинодағы Әскери-әуе академиясына берілді. Айдың арғы бетіндегі кратер Гагариннің атымен аталды.
   1968 жылы Халықаралық авиация федерациясы Юрий Гагарин атындағы медаль тағайындады. Бұл медальмен адамның ғарыш кеңістігін бейбітшілік мақсатта игеру саласында ең жоғары нәтижелерге жеткен ұшқыш-ғарышкерлер марапатталады.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Юрий Гагариннің өмірі мен қызметі туралы әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование