KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887378
2019 жылы:  21093
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.03.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында  ұлы физик-теоретик Альберт Эйнштейнге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Альберт Эйнштейн (1879-1955) – заманауи теориялық физиканың негізін қалаушы, физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1921 ж.), қоғам қайраткері, гуманисі. Германия, Швейцария және АҚШ-та өмір сүрді. Әлемнің 20-ға жуық жетекші университеттерінің құрметті докторы, көптеген ғылыми  Академиялардың мүшесі. 
 Альберт Эйнштейн 1879 жылы 14 наурызда Оңтүстік Германияның Ульм қаласында, орташа еврей отбасында дүниеге келді. 14 жасынан отбасымен Швейцарияда тұрды, сол жерде 1900 ж. Цюрих политехникумын бітірді. 1902-1909 жж. Берндегі Патент бюросында эксперт болып қызмет атқарды. Осы жылдары Эйнштейн арнайы салыстырмалық теориясын құрып, статистикалық физика, броундық қозғалыс, сәулелену теориясын және т.б. бойынша зерттеулер жүргізді.  Эйнштейннің  еңбектері 1909 ж. да атаққа ие болып, ол Цюрих университетінің, кейін Прагадағы Неміс университетінің профессоры болып сайланды. 1914 ж. Эйнштейн Берлин университетіне дәріс  беруге шақырылды. Берлинде ол жалпы салыстырмалық теориясын құруды аяқтап, сәуленің кванттық теориясын  дамытты. Эйнштейн фотоэффект заңдары және теориялық физика саласындағы жұмыстары үшін  Нобель сыйлығын (1921 ж.), салыстырмалық теориясы мен  кванттық теориясына  қосқан үлесі үшін Копли медалін (1925 ж.), сондай-ақ Нью-Йорктің Құрметті азаматы  атағын (1921 ж.), Маттеуччи медалін (1921 ж.), «Еңбегі үшін» неміс орденімен (1923 ж.), Ұлыбританияның Корольдік астрономиялық  қоғамының алтын медалін (1926 ж.) және т.б. алды. 1933 ж. Германияға билікке фашистер келген соң Эйнштейн АҚШ-қа, Принстонға қоныс аударып, сол жерде ол  өмірінің соңына дейін Жоғарғы зерттеу институтында жұмыс істеді.
   1905 ж. жылдамдықпен қозғалатын, жарық жылдамдығына жақын дененің механизмі мен электродинамикасы арнайы салыстырмалы теориясы жарияланды. Эйнштейннің  ғылыми шығармашылықтағы биік шыңы 1916 жылы аяқталған жалпы салыстырмалы теориясы болды. Эйнштейнді  идеялар  өзгертті,  физикада үстем болған Ньютонды кеңістікке  механикалық көзқарасы көрінісіне уақыт пен тартылыс әлемінің жаңа материалистік  көрінісін  әкелді.
   Эйнштейн физикадан 300-ден аса ғылыми жұмыстардың, сонымен қатар тарих, ғылым философиясы саласында 150-ге жуық кітаптар мен мақалалардың, публицистикалардың және т.б. авторы. Автордың негізгі шығармалары: «К электродинамике движущихся сред» (1905), «Вокруг теории относительности» (1921), «О современном кризисе теоретической физики» (1922), «Мир, каким я его вижу» (1934), «Физика и реальность» (1936), «Эволюция физики» (1940, Л.Инфельмен бірге), «Сущность теории относительности» (1945). Эйнштейннің ғылыми еңбектері заманауи  физиканы–кванттық электродинамика, атомдық және ядролық физиканы, қарапайым бөлшектер физикасын,  космологияны, астрофизиканы дамытуда үлкен рөл атқарды.
   Альберт Эйнштейн 1955 жылы 18 сәуірде Принстонда (АҚШ) қайтыс болды.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапхансының қорынан ғалымның өмірі мен ғылыми еңбектері туралы әдебиеттер әлем тідерінде ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование