KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887362
2019 жылы:  21077
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.03.2014

   Өнер бөлімінің оқу залында Қазақстанның халық әртісі Зәбира Жұбатованың 100 жылдығына арналған «Ән бағының бұлбұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Жұбатова Зәбира Қыдырәліқызы 1914 жылы Петропавл қаласында дүниеге келген. 1932 ж. өзінің жұмысын Қарағанды радиокомитетінен бастады. Сол жылдары облыстық радиокомитеттің жанынан қазақ әндерін орындайтын хор құрылып, З.Жұбатова хор әншісі болады. Зәбира хорға қатыса жүріп, жеке ән де айтып, көптеген халық әндерін орындады. 1947-68 ж. Қарағанды филармониясының әншісі болды. Ұлы Отан соғысы жылдары концерттік топ құрамында майдандағы жауынгерлер алдында өнер көрсетеді. «Майданнан хат», «Біздің ұран», «28 батыр» және т.б. әскери әндерді орындады. Әншінің жеке мұрағатынан қазақтың халық әндерінің қолжазбалары табылды, олар: «Дайдидау», «Шұбартау», «Ай-гөк», «Ақдариға», «Алқоңыр», «Бозжорға», Абайдың «Айтым сәлем, Қаламқас», «Татьянаның хаты», С.Сейфуллиннің «Тау ішінде», М.Төлебаевтың «Ақмақта», «Жастар вальсі», «Шахтер әні», «Бөбегім», «Домбыра», «Жетісу», «Алма ағаштар жайнады», «Айтшы, жаным», «Ұстазым», «Өзің, Сәулем, іздегенім» және т.б. Одан бөлек, бұл қолжазба дәптерде әртүрлі халықтың әндері жинақталған: татардың «Колхоз қызлары», «Суда», шешеннің «Зара», молдаваның «Ляно», армянның «Фиалка», чехтың «Бақташы», румынның «Мариникэ», поляктың «Бір сұлу қыз», италияның «Санто лучия», қытай және ұйғыр әндері.
   Оның шығармашылық қоржынында 200-ге тарта әртүрлі тақырыпта халықтық, классикалық және заманауи әндер бар.
   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан әнші Зәбира Жұбатованың өмірі мен шығармашылығы жайында әдебиеттер ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование