KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887389
2019 жылы:  21104
бүгiн:  1
қазiр:  55
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.03.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан белгілі қазақстандық жазушы және аудармашы Морис Давидович Симашконың 90 жылдығына арналған  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

 Морис Давидович Симашко 1924 жылы 18 наурызда Одесса қаласында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 жылы Одесса  мұғалімдер институтын бітірді. Өзінің  еңбек жолын Одесса облысында және Мары қаласында (Түркіменстан) мұғалім болып бастады. 1950 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің  журналистика факультетін бітірді. 1961 жылдан бастап М.Симашко Қазақстанда тұрып, еңбек етті.
   1950-61 жылдары – «Туркменская искра» газетінің арнаулы тілшісі және бөлім меңгерушісі, КОТА-ның, Орта Азия мен Қазақстан бойынша «Советская культура» және «Учительская газета» газеттерінің арнаулы тілшісі, 1961-75 жж. - «Жазушы» баспасының, «Простор» журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарды.
   Морис Симашко – жазушы, сценарист, драматург, аудармашы, сыншы және публицист. Орта Азия туралы тарихи романдары мен қазақ жазушылары  шығармаларының аудармаларымен  белгілі. Шығармашылық жолы 1948 жылы драматург ретінде театрда оның «На крайнем юге» атты пьесасы қойылғаннан басталды. 1958 жылы жазушының алғашқы «В черных песках» атты повесі «Новый мир» журналында жарияланды. Екі жылдан кейін осы журналда М.Симашконың «Искушение Фраги» атты жаңа повесі басылып шықты. Бұл шығарма XVIII ғасырдағы түркімен поэзиясының классигі Махтумкулиге арналды. М.Симашко әлем халықтарының 40 тілдеріне аударылған 20-дан астам кітаптардың авторы: «Повести Красных и Черных песков», «Емшан», «Хроника царя Кавада», «Гу-га», романдары: «Маздақ», «Искупление Дабира», «Комиссар Жангелдин», «Колокол», «Семирамида», «Падение Ханабада» және т.б.  
   М.Симашконың «Колокол» атты романы қазақтың ұлы ағартушысы  Ы.Алтынсаринның өмірі мен қызметіне арналған. Романның желісі Ресей қоғамында орын алған қоғамдық күрес аясында, сондай-ақ басыбайлылық құқық кезеңінде және ол жойылғаннан кейінгі ұлт төңірегінде өрбиді.
   Жазушы І.Есенберлиннің «Кочевники» атты тарихи трилогиясын және «На чужбине» атты романын, Ғ.Мүсіреповтің «Пробужденный край» (2-ші кітап) романын, Т.Әлімқұловтың «Черногривая волчица», «Упрямая любовь», «Тревожное путешествие» және т.б.әңгімелері, Д.Досжановтың «Лодочник» повесін және тағы да басқа шығармаларын қазақ тілінен орыс тіліне аударды. М.Симашконың «Случай в Дашкале», «В черных песках», «Султан Бейбарс», «Гу-га», «Фраги  разлученный со счастьем» атты шығармалары бойынша көркем фильмдер түсірілді.
   Морис Симашко - Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Жазушылар Одағының И.Шухов атындағы сыйлықтың, қазақстандық Президенттік бейбітшілік пен рухани  келісім сыйлықтарының лауреаты. 1999 ж. Қазақстан Жазушылар Одағының атынан Нобель сыйлығына ұсынылды.
   М.Симашко 1999 жылы тарихи отаны Израилге кетеді. 2000 жылы қайтыс болып, Нетания  қаласында жерленді.

   Кітап көрмесінде жазушының өмірі мен қызметтері жайлы материалдар, сондай-ақ оның шығармалары: «Повести Красных и Черных песков» (1960), «Емшан» (1966), «Хроника царя Кавада»(1968), «Маздак» (1971), «Комиссар Джангильдин» (1978), «Искупление Дабира» (1979), «Гу-га» (1982),  «Колокол» (1982), «Семирамида» (1988), «Падение Ханабада» (1989), «Четвертый Рим» (2000)  және т.б ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование