KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887343
2019 жылы:  21058
бүгiн:  1
қазiр:  18
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.03.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан «Түркі халықтарының көктем мерекесі - Наурыз» атты Наурыз мерекесіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелген мейрамы және әлемдегі парсы тілдес және түркі тілдес халықтарда жыл басы. Ол 21 наурызда атап өтіледі. «Наурыз» көне ирандық екі сөз тіркесінен шыққан: ноу – «жаңа» және роуз – «күн». Наурыз – табиғат пен адамзаттың жаңарып, жанның тазаруы мен жаңа өмірдің басталуын білдіретін көне мейрам.        
 1926 жылы Қазақстанда Наурыз мейрамы «діни мейрам» ретінде жойылды, 1988 жылдан бастап біздің елде ресми түрде тойланып келеді. 2009 жылы қыркүйекте мереке ЮНЕСКО адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді. 2010 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 64 сессиясы 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» деп жариялады. Наурыз мейрамын тойлау бір айға созылады.
   Қазақстанда Наурыз мемлекеттік мереке деп жарияланды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы көктемгі жаңарудың, махаббаттың, шұрайлылық пен достықтың мерекесі. Ертеректе Наурыз басталғанша адамдар үйлерін, шаруашылықтарын ретке келтіріп, ағаш пен гүлдер отырғызған. Наурыз мерекесі таза үйге, жақсы үй иесіне келеді, аурулар, сәтсіздіктер, қиындықтар оны айналып өтеді деп есептелген.
   Осы күні адамдар ұлттық және мереке киімдерін киіп, бір-біріне қонаққа барады, келесі жылға аман-есен жетулерін және молшылық тілеп, дәстүрлі ұлттық тағам «Наурыз көже» әзірлейді. «Наурыз көжені» өмірдің жеті элементін білдіретін жеті түрлі тағамнан дәстүрлі дайындайды: су, ет, май, бидай  (күріш немесе тары), құрт, ірімшік және тұз. Бұл азық-түліктер қуаныштың, сәттіліктің, денсаулықтың, даналықтың, молшылықтың, өсіп-өну мен қорғанудың белгісі болып табылады. Мереке театрландырылған қойылымдармен, концерттермен, халықтық сайранмен және көпшілік ойындармен: алтыбақан, қазақша күрес, дәстүрлі көкпар, қыз қуу, суырып салма ақындардың  айтысымен  қыза түседі. Қазақстанда Наурыз мерекесіне көптеген көңілді әндер мен өлеңдер арналды.
   Кітап көрмесіне Ежелгі Наурыз мейрамының шығу тарихы мен Қазақстандағы халықтардың оны тойлауы туралы мәліметтер қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование