KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887402
2019 жылы:  21117
бүгiн:  1
қазiр:  60
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.03.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында мемлекет қайраткері, қазақтың ұлы биі Әйтеке би Байбекұлына арналған «Әйтеке би - ұлт кемеңгері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Әйтеке би Байбекұлы (1644-1700) – мемлекет қайраткері, ХVII ғасырда қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан үш бидің бірі. 1644 жылы 23 наурызда Өзбекстанда Қазбибі тауының етегінде туылды. Әйтеке бес жасында ауыл  молдасынан сауатын аша бастады. Әйгілі «Тіллә-қари», «Шердор» медресесінде оқыды. Дін, құқық,  астрономия, тарих, математика бойынша білім алып, бірнеше  шығыс тілдерін: араб, парсы, шағатай және өзбек тілдерін меңгеріп шықты.
   Оның шешендік қабілетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің айрықша ықпалы тиді. Медресені бітірісімен туған ауылына оралып, әкесімен  бірге ел басқаруға араласады. Ол 20 жасында атақты би, 30 жасында Кіші жүздің аға биі  болды, содан  бері оның есімі қазақтың ұлы билері Төле би, Қазыбек би  және Тәуке ханмен бірге аталып келеді.
   Атақты Әйтеке бидің қызметі XVII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың басындағы қазақ хандығының жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қиын тарихи кезеңімен байланысты болды. Ол мемлекет құрудың басты қағидасы мен қазақ хандығындағы құқықтық тәртіпті анықтайтын «Жеті жарғы» дала заңдары жинағының басты авторларының бірі. Тәуке ханның  ресми кеңесшісі болды, орталықтандырылған  қазақ хандығын құруға белсене атсалысты, жоңғарлармен және орыстармен  белгілі тепе-теңдік орнатуға жәрдемдесті, жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақтардың, қырғыздар мен қарақалпақтардың күшін біріктіруге атсалысты. Әйтеке биге, замандастары мен ұрпақтарының жүрегінде өзінің ақылды шешімдерімен жарқын із қалдыру үшін билердің жоғары адамгершілікте болу қасиеттері тән. Әйтеке би Байбекұлының есімі мен атағы Кіші жүзден  тыс алысқа кеңінен  жайылды. Оның  әділеттілігі мен  адалдығы, салт-дәстүр мен  шығыс философиясын және «дала даналығын» терең білетіндігі жайында аңыздар айтылған. Оның көптеген нақыл сөздері, ой-толғаулары, тілектері сақталған. Әйтеке би 1700 жылы қайтыс болып, Өзбекстанда жерленген. Қазақстанның ірі қалаларында оның  құрметіне көшелер аталып, ескерткіштер орнатылған.

   Кітап көрмесінде атақты Әйтеке би Байбекұлының өмірі мен қызметі жайында энциклопедиялық, анықтамалық басылымдар мен  әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование