KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887331
2019 жылы:  21046
бүгiн:  1
қазiр:  6
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.03.2014

   Өнер бөлімінің оқу залында қазақ әншісі, Қазақстанның халық әртісі Әнуарбек Үмбетбаевтың 100 жылдығына арналған  «Опера өнерінің дүлдүлі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Үмбетбаев Әнуарбек Бейсембайұлы – әнші (лирикалы-драмалы тенор), Қазақстанның халық әртісі. 1914 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1949-51 жж. Алматы консерваториясында оқыды.  
 Шығармашылық жолын көркем өнерпаздар үйірмесінде бастады. 1930 жылдары Қазақ радиосының әншісі болды. 1931-37 жж. Кеңес әскері қатарында жүріп, Қазақ әскери кавалериялық полкы ансамбліне жетекшілік етті. 1935 жылы Ташкентте өткен әскери округ фестивалінде 1-ші орын алды. 1937 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры жанындағы студияны бітіріп, осы театрда солист болып жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы жылдары майдандағы жауынгерлерге өнер көрсетті. Ол М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» (Біржан), А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» және «Төлеген Тоқтаров» (Айдар, Төлеген), Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Дударай» (Тарғын, Қайрақбай, Думан), Қ.Қожамияровтың «Назугум» (Бақи), Н.Жигановтың «Алтыншаш» (Жек), Дж.Пуччинидің «Тоска» (Кавардосси) және т.б. опералардың партияларын орындады.
  Әнуарбек  Үмбетбаев ұлттық опера өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты, қазақтың халық әндері мен белгілі қазақ композиторлары әндерінің талантты орындаушысы ретінде әйгілі болды.
   КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл Ту және Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан әнші Әнуарбек Үмбетбаевтың шығармашылығы мен қызметі жайында материалдар, әнші репертуарынан жазылған күйтабақтар мен CD-дискілер ұсынылған.

 Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование