KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887347
2019 жылы:  21062
бүгiн:  1
қазiр:  22
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.03.2014

   2014 жылы 27 наурыз, сағ. 11.00-де Көрмелер залында  театр және кино актері, кинорежиссер, Қазақстан және КСРО халық әртісі, Қазақстан және КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Шәкен Аймановтың 100 жылдық мерейтойына орай өмірі мен қызметіне арналған «Шәкен Айманов» атты ұсыныстық библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесері өтті.

   Библиографиялық көрсеткішті ҚР Ұлттық кітапханасы дайындады.

   Шәкен Аймановтың өмірі мен қызметіне арналған библиографиялық көрсеткіште 1935 жылдан бастап 2014 жылдың ақпан айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттер қамтылды. Көрсеткіш ғылым және  мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнерсүйер қауымға, халық әртісінің өмірімен және өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетін көпшілік қауымға арналған.

   Тұсаукесер модераторы: Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, құрметті журналист, қажымұқантанушы Ғ.Тәшімбай.

   Іс-шара аясында Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамының бас редакторы, жазушы, журналист Д.Амантай; белгілі ақын, хореограф, мәдениет қайраткері  Д.Нақыпов; белгілі кинорежиссер С.Азимов; киноөнертанушы Р.Ғ.Оспанова; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Ә.Рахимов; Шәкен Аймановтың келіні И.Б.Айманова сөз сөйледі.

   Тұсаукесер аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Шәкен Аймановқа арналған «Қазақ өнерінің жұлдызы» атты көркемделген кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

   Тұсаукесерге өнер және қоғам қайраткерлері, жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері,  Алматы  қаласы  кітапханаларының  қызметкерлері қатысты.

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование