KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887283
2019 жылы:  20998
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.03.2014

   ҚР Ұлттық кітапханасының фойесінде  «Мәңгілік Ел» тақырыбы аясында «Тарих тағылымдары және қазіргі заман» атты кең ауқымды кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Көрменің мақсаты: оқырмандар назарына ҚР Ұлттық кітапхана қорындағы тарихи-ғылыми, әдеби-көркем, кітаптарды ұсыну арқылы ел азаматтарының ұлттық санасын, жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыруға атсалысу, тәуелсіз қазақ елінің әлемдік қауымдастықта өзін тең құқылы мүше ретінде сезінуін, мемлекеттің заманауи дамуын  кеңінен насихаттау.
Көрмеге кітапхана қорынан қазақ, орыс және шет ел тілдеріндегі 5000-нан аса басылым қойылған. Көрме Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін баяндайтын 13 бөлімді қамтиды.
   «Тарих толқынында» атты бірінші бөлім ұлттық тарих, мемлекеттігіміздің одан әрі нығая түсуіне, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаһанданудың жаңа кезеңінде қазақ елінің жаңа дәуірін, ұлт рухының шарықтап қайта өркендеп өркениетке ұмтылу жолында атқарып жатқан еңбегіне арналған.
   «Тәуелсіз Қазақстан» атты екінші бөлім мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы, мемлекеттің заманауи дамуы туралы альбомдарды қамтиды.
   «Бостандық босағасы» бөлімінде 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары, Семей полигоны, Кеңес одағының ыдырауы туралы материалдар жиынтығы ұсынылған.
   «1960-1980 жылдардағы Кеңес Одағында» Байқоңыр – қазақ даласының ғарыштық айлағы, Қазақстандағы экономикалық реформалар, Арал теңізінің қасіреті және қайта өркендеуі, теңіз қазынасы хақындағы мәліметтер қамтылған.
«Ұлы Отан соғысынан кейінгі Қазақстан» бөлімінде соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның мәдениеті мен өнері, ғылымы, тың эпопеясы, ХХ ғасырдың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов туралы мәліметтер берілген.
   «Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде» бөлімінде жауға қарсы жұмылдырылған күш, Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлар, партизандар, тылдағы қауырт еңбек, ғылым мен өнер – майдан мүддесіне, еңбек армиясы туралы мәліметтер бар.
   «1937 жылғы қуғын-сүргін» бөлімінде парасатты да білімді қазақ интеллигенттері, «Алаш» партиясының қайраткерлері Шәкәрім, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов т.б. еңбектері мен шығармалары ұсынылған.
   «Қазақстандағы Қазан революциясы» бөлімінде Қазақстан Қазан революциясы қарсаңында, Қазақстан азамат соғысы жылдарында, азаматтық қарсы тұру және Алашорданың таратылуы, Қазақ АКСР-нің құрылуы, қазақ жерлерін біріктіру, жиырмасыншы жылдардағы ұлы жұт туралы әдебиеттер ұсынылды.
   «Буырқанған дала» бөлімі қазақтардың патшалық билікке қарсы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, Амангелді Иманов бастаған қазақ кедейлерінің жаппай қарулы көтерілісі туралы мәліметтермен қамтылған.
   «Қазақтың ұлы ағартушылары» бөлімінде Шоқан Уәлиханов – ұлы ағартушы ғалым, кемеңгер ұстаз Ыбырай Алтынсарин, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы басылымдары ұсынылған.
   «Алтын Орда құрамында» Жошы хан ұлысы, Ақ Орда, Моғолстан, Қыпшақ Бейбарыс – Египет билеушісі, Ұлы далаға саяхат, Әмір Темірдің шапқыншылық жорықтары туралы тарихи мәліметтер ұсынылды.
   «Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы» бөлімінде Керей және Жәнібек сұлтандар, «Жеті жарғы» - Тәуке ханның далалық конституциясы, Исатай және Махамбет ақын, еркіндік аңсаған Кенесары Қасымұлы, Абылай хан, Бұқар жырау, Қожаберген жырау, «Ақтабан шұбырынды» туралы әдебиеттер ұсынылды.
   «Ежелгі Қазақстан» бөлімінде Қазақстан жеріндегі тас ғасыры, байырғы скифтер елі, ғұндар мен құндар, ежелгі түркі заманы, шығыс ренессансы, хазарлар, қыпшақтар, түргештер, ортағасырлық қалалардың мәліметтері берілген.

   Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование