KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887222
2019 жылы:  20937
бүгiн:  1
қазiр:  5
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.04.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында ұлы орыс жазушысы Н.В.Гогольге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Гоголь Николай Васильевич 1809 жылы 20 наурызда (1 сәуірде) қазіргі Полтава облысы, Большие Сорочинцы селосында кедей помещик отбасында дүниеге келген. Балалық шағы Диканька селосының жанында, Васильевкадағы ата-анасының үйінде өтті. Болашақ жазушының тәрбиесінде өнерге ынтық, театрға әуес, өлеңдер мен өткір жанрлы комедиялардың авторы, әкесі, Василий Афанасьевич белгілі роль атқарды. Білімді Нежинск жоғары ғылымдар гимназиясында алып (1821-1828), сол жерде оның әдебиетке, бейнелеу өнеріне және сирек кездесетін актерлік қабілеті оянды. 1928 жылы желтоқсанда Санкт-Петербургке көшіп, шенділік қызмет атқарды. 1829 жылы В.Алов деген жасырын атпен табысқа ие болмаған  «Ганц Кюхельгартен» романтикалық көркем шығармасын басып шығарды.
   1830 жылы «Отечественные записки» журналында Гогольдің алғашқы «Басаврюк» повесі жарық көрді, кейіннен  «Вечер накануне Ивана Купала» повесі болып қайта өңделді. Гоголь Дельвигпен, Жуковскимен, Пушкинмен жақындасып, олардың достығы жас Гогольдің қоғамдық көзқарасы мен әдеби дарынының дамуына үлкен септігін тигізді. Пушкин оны Крылов, Вяземский, Одоевский болған ортаға тартты, суретші Брюллов оның «Ревизор» және «Мертвые души» шығармаларына сюжетін ұсынды.
   Гогольге «Вечера на хуторе близ Диканьки» (1831- 32), «Сорочинская ярмарка», «Майская ночь» ж.б. повестері әдеби танымалдық әкелді. Украина тарихын оқып білудегі түпкі ойы «Тарас Бульба» еңбегінде көрсетілген. 1935 жылы «Миргород» атты повестер жинағы жарыққа шықты, ол жинаққа «Старосветские помещики», «Тарас Бульба», «Вий» т.б. және «Арабески» (петербургтықтардың өмірлері тақырыбына) жинағы енгізілді. «Шинель» повесі петербургтік циклдің ең маңызды шығармасының бірі. Повестермен жұмыс жасай отырып, Гоголь өзін драматургия саласында да сынап көрді. Театр оған қоғамдық тәрбиеге ерекше мән беретін ұлы күш болып көрінді. 1835 жылы «Ревизор» жазылып, 1936 жылы Москвада сахналанды.
   Н.Гоголь 1836 жылдан 1848 жылға дейін шетелде болды. Осы жылдарда ол Римде болып, өзінің негізгі шығармасы «Мертвые души» роман-поэмасымен жұмыс жасады. Бұл романды  жазуда өте қызу және қиын кезең болды. Гогольде жан күйзелісінің белгілері пайда болды. 1852 жылдың 11 ақпанында  ауыр жан күйзелісінде болып, жазушы романның екінші томының қолжазбасын өртеп жіберді. 21 ақпанда Гоголь Москвада Никитск бульварындағы өзінің соңғы тұрған пәтерінде қайтыс болды.
   Н.В.Гоголь Данилов монастырындағы бейітке жерленді, революциядан кейін оның сүйегі Новодевичье бейітіне ауыстырылды.

   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Н.В.Гогольдің шығармалары, ол туралы әдебиеттер және оның шығармашылығы жайлы әлем тілдеріндегі әдебиеттер қойылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование