KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887259
2019 жылы:  20974
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.04.2014

   2014 жылы 9 сәуір, сағ. 11.00-де Көрмелер залында Қазақстан «ӘДІЛЕТ» тарихи-ағарту қоғамының құрылғанына 25 жыл толуына орай бірнеше жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Атап айтқанда, Асфендияр Кенжиннің «Сборник документов и материалов», Н.Асқарұлының «Төребек Османов – тұңғыш банкир», А.Ликерованың «Первый экономист-профессор Азимбай Лекеров», А.Байтұрсынұлының «Қазақ тіл білімінің мәселелері», Қ.Жұбановтың «Қазақ тіл білімінің мәселелері» кітаптары таныстырылды. Сонымен бірге «ӘДІЛЕТ» қоғамының биылғы 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орайластырған шаралары, «Жаңалық» мемориалдық кешенін абаттандыру, Қоғамның 25 жылдығын атап өту жөнінде пікірлесу өткізілді.

   Ұлттың ұлы ұстазы, Алаштың рухани көсемі, қазақ әліпбиінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы мен оның ісін жалғастырушы, қазақ ғылымының жарық жұлдызы профессор Құдайберген Жұбанов туралы көпшілік құлағдар, олардың өмірі мен шығармашылығы жайында талай еңбектер жарық көрді. Бұл жаңа кітаптарда олардың тілдік ғылыми мұрасы түгелденіп, түсініктемелер берілген.
   Ал Алаш арыстары Асфендияр Кенжин, Төребек Османов және Әзімбай Лекеровтер туралы еңбектерді шын мәнінде «ақтаңдақтардың» бетін ашқан ізашар туындылар десек болады.
   Асфендияр Кенжин (1887–1938) – төңкеріске дейінгі кезеңде қазақ халқының ағарту саласында үлкен үлес қосқан, кеңестік биліктің алғашқы жылдарында ҚазАКСР-ын құруға бар күшін салған қазақ зиялыларының алғашқы легінің өкілі.  Жинақ ҚР Президенті мұрағатында сақталған құжаттардан тұрады. Сонымен қатар А. Кенжиннің мақалалары, сұхбаттары, оның немересі Ш.Жангелдиннің естелігі және отбасылық мұрағаттағы суреттері енгізілген. Жинақты құрастырушы –  Ә.Т.Сүлейменова, ҚР ПМ бас сарапшысы.
   Н.Асқарұлының кітабында  ХХ ғ. 20–30 жж. қазақстандық банк-қаржы саласын қалыптастыруға маңызды үлес қосқан Төребек Османовтың (1893–1937) өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы баяндалады. Ол Қазақстандағы Өнеркәсіп, Ауылшаруашылық, Мемлекеттік банктерді ұйымдастырушылардың бірі, оның бастамасымен Қазақстанда банк қызметкерлерін дайындайтын оқу орны құрылған.
   Әзімбай Лекеровтің (1901–1938) өмірі мен қызметі оның қызы Айседора Ликерованың көптеген мұрағат деректері негізінде жүргізген зерттеуінде көрсетілген. Әзімбай Лекеров Республикалық Жоспарлау комитетінің басшыларының бірі, кейіннен Қазақ марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтының директоры лауазымдарын атқарды. БКП (б) Қазақ өлкелік комитетінің басшылығының атына елді аштықтан құтқару жөніндегі шараларды қабылдау туралы мәселе көтерген «Бесеудің хатын» ұйымдастырушы.
   Аталған басылымдар кейіпкерлерінің өмірі мен ғылыми қызметінің соңғы нүктесін сталиндік «Үлкен террор» қойды. Алаш арыстарын «ақтауда» және олардың  өмірі мен көл-көсір мұрасын насихаттауда ширек ғасырдан бері «ӘДІЛЕТ» қоғамы  қыруар шаруалар атқарып келеді.
   Тұсаукесерді ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Асқар Әлібек Асылбайұлы жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: «Әділет» қоғамының басқарма мүшесі, ҚР Президент мұрағатының қызметкері Е.М.Грибанова, Ә.Лекеровтың қызы А.Ликерова, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының  жауапты хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Н.Асқаров, тарих ғылымдарының кандидаты Ә.Сүлейменова, «Әділет» қоғамының төрағасы, «Арыс» баспасының директоры, филология ғылымдарының докторы Ғ.Әнес, А.Кенжиннің ұрпағы І.Жангелдин, І.Жансүгіровтің ұлы С.Жансүгіров, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының бірінші орынбасары, жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты Б.Қойшыбаев және т.б. 

   Іс-шара аясында «Арыс» баспасынан жарық көрген кітаптар көрмесі ұйымдас тырылды.

   Тұсаукесер барысында жаңа басылымдар  ҚР Ұлттық кітапханасына, қатысушыларға және Алматы қаласының кітапханаларына сыйға таратылды.

   Қатысушылар:  қуғын-сүргінге ұшыраған зиялы қауымның ұрпақтары, жазушылар, «ӘДІЛЕТ» қоғамының мүшелері, тарихшы-ғалымдар, архив және мұражай  қызметкер-лері, жоғары оқу орындарының студенттері,  Алматы  қаласы  кітапханаларының  қызмет-керлері, БАҚ өкілдері. 

  

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование