KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887235
2019 жылы:  20950
бүгiн:  1
қазiр:  17
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.04.2014

   Қазақстан  Республикасы Мәдениет министрлігі  Мәдениет комитетінің төрағасы Т.Ә.Қышқашбаевтың 2014 жылғы 07 сәуірдегі № 7-и бұйрығымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің  бас директоры лауазымына, осыған дейін «Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасын» басқарған Асқар Әлібек Асылбайұлы тағайындалды.

   2014 жылғы 7 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жаңа бас директоры Асқар Әлібек Асылбайұлын кітапхана ұжымына  ҚР Мәдениет вице-министрі А.И.Бөрібаев ресми түрде таныстырды.
   Асқар Әлібек Асылбайұлы – жазушы,  Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының жанындағы материалдық емес  мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитетінің төрағасы. Ә.А.Асқардың еңбек өтілі 38 жыл.  1992-2012 ж. –  мемлекеттік қызметте болды.  1993-1998 жж. – ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары, бірінші орынбасары.  2005-2012 ж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде меңгеруші, бас инспектор, орынбасар қызметтерін атқарды. 2012-2014 ж. – Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры. Сондай-ақ, Ә.А.Асқар «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру  жөніндегі  қоғамдық кеңестің  хатшысы қызметін атқарды.
   А.И.Бөрібаев өзінің құттықтау сөзінде Г.К.Балабекованың ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры қызметінен өз тілегі бойынша босатылғанын хабарлап, Г.К.Балабековаға атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді және оның республиканың кітапхана ісіне қосқан зор үлесін атап өтті.
   Балабекова Гүлиса Қабарқызы ҚР Ұлттық кітапханасында 30 жылдан аса қызмет атқарды. Ол кітапханалық халықаралық бірлестікті нығайтуға бағытталған көптеген маңызды жобалар мен бағдарламалардың бастамашысы болды. Республикадағы алғашқы автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйені (РАБИС) дайындауға қатысты. «Ұлттық мұра» ақпараттық веб-порталының үйлестірушісі (Қазақстанның ірі мәдени мекемелерінің қатысуымен), «Қазақстанның музыкалық мұрасы» CD-ROM-ның авторы болды, ҚР Ұлттық кітапханасының ақпараттық ресурстарын ұйымдастыру, ҚР мемлекеттік қызметшілерін ақпаратпен қамтамасыз ету үдерістеріне жетекшілік етті.
   Оның жетекшілігімен ҚР Ұлттық кітапханасы  Еуразия кеңістігіндегі ірі ғылыми-мәдени орталыққа айналды және өзінің беделін әлемдік кітапханалық қауымдастықта бекіте түсті.
   Г.К.Балабекова – ТМД бойынша Кітапханааралық абонемент секциясындағы Қазақстанның өкілетті өкілі, Еуразия Кітапханалық Ассамблеясының (ЕКА) вице-президенті, Халықаралық кітапханалар қауымдастығы мен мекемелері Федерациясы (IFLA) Библиография секциясының Тұрақты комитетінің мүшесі, ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы жөніндегі Қазақстандық Ұлттық комитеттің төрағасы.
   Еліміздің  мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Г.К.Балабекова үкіметтік наградамен - «Құрмет» орденімен марапатталды.
   Балабекова Гүлиса Қабарқызы ұжымның алдында сөйлеген сөзінде, кітапхана ұжымына әрқашан өзара түсіністік, сыйластық пен қолдауға негізделген бірлесіп атқарған жемісті жұмыстар мен жеткен жетістіктер үшін жылы лебізін білдірді. Ол ҚР Ұлттық кітапханасының өзінің дәстүрін сақтай және жалғастыра отырып, әлемдік ақпарат кеңістігінде жеткен жетістіктерін әрі қарай дамыта беретініне сенім білдірді және жаңа басшыға  шығармашылық жетістіктер тіледі.
   Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасының ұжымы да  Балабекова Гүлиса Қабарқызына еліміздің бас кітапханасының дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін шын жүректен алғыстарын білдіріп, Асқар Әлібек Асылбайұлына жаңа қызметте жаңа табыстар тіледі.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование