KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887298
2019 жылы:  21013
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.04.2014

   Көрмелер залында әнші, композитор, ақын, белгілі балуан  Балуан Шолақ   (Нұрмағанбет) Баймырзаұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың бір тұлғасы – Балуан Шолақ» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Балуан Шолақ Баймырзаұлы (1864-1919) — қазақтың халык сазгері, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, өзінің азан шақырылып қойылған шын аты — Нұрмағанбет. Шыққан тегі — Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өткен.
   Бойына бірнеше өнерді жинаған дарынды жас бертін келе қасына өзіндей өнерпаз жастарды жинап, ойын-сауық жасайды. Ел аралап, салдық құрайды. Әндерін өзі сүйіп орындайтын Арқа сазгерлерінің әншілік-шығармашылық дәстүрін берік ұстанып, өзі де ән шығара бастайды.
   Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Баянауыл, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған Балуан Шолақ, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Олардың арасында «Ащылы-айрық», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қос перне», «Желдірме», «Құлан кісінес». Оның әндерінің әуеніндегі батылдық, өршіл мінез Балуан Шолақтың өзінің шамадан тыс қайрат-күшін байқатып тұратындай тым жігерлі болып келеді. Балуан Шолақтың атын алысқа жайған атақты әнінің бірі — «Ғалия». Бұл — мөлдір махаббатты сазды әуен, нәзік сезіммен жырлаған ғашықтар әні. Музыка зерттеушілері бұл әнді Балуан Шолақ шығармашылығының шырқау биігі деп бағалайды.
   Белгілі музыка зерттеушісі А.В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді.
   Сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтыс болады.
   Әнші, атақты балуанның өмірі туралы жазушы Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» атты кітабы жарық көрген. Алматы қаласындағы 1967 жылы салынған Спорт сарайы  Балуан Шолақ есімімен аталады.

   Көрмеде энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар, өмірі және шығармашылығы жайындағы әдебиеттер ұсынылған. 

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование