KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887297
2019 жылы:  21012
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.04.2014

   Мерзімді басылымдар бөлімінің оқу залында  тың және тыңайған жерлерді игерудің  60-жылдығына арналған «Көтерілген тың» атты көрме ұйымдастырылды.                                                                           

   Көрменің мақсаты - алғашқы тың игерушілердің еңбектегі жетістіктерімен оқырмандарды таныстыру. Олардың орасан зор және ауыр   еңбектерінің арқасында Қазақстан әлемдегі аса ірі астық өндірушіге айналды. Кеңес адамдарының бірнеше ұрпақтарының тағдыры тың дәуірімен байланысты. Қазақстандағы егістік алқабы сол жылдары  отыз алты жарым миллион гектарға дейін жеткізілді.
   Көптеген алғашқы тың игерушілер дала төсіндегі Ақмоланың қандай болғанын, оның тың астанасы, кейін  жетекші облыстық орталықтардың бірі болған Целиноградтың біздің жаңа астанамызға айналуы  үшін бұл қалаға қаншама күш жұмсалғанын еске алды.
   Тыңның алғашқы екі он жылдығында  қатқыл табанды көлік жолдарының ұзындығы 14 еседен аса, ал темір жолдың ұзындығы екі жарым мың километрге өсті. Осы уақыт ішінде 90 мың километр электр желісі, соның ішінде 85 мыңы ауылдық жерлерде тартылды.
   Тың игеру жылдарында республика аса ірі мал шаруашылығы базасына айналды. Егіншіліктің дамуы, тіпті жайылым алқаптарының қысқаруына қарамастан, жем-шөп базасын нығайтуға мүмкіндік берді.
   Тың игеру міндетін шешу үшін орасан материалдық, еңбек ресурстары және ғылыми әлеует жұмылдырылды. Бұрынғы КСРО - дан, негізінен Ресейден, Украинадан, Белоруссия мен Молдавиядан  барлығы жүз мыңдаған еріктілер  ағылды. 1954 - 1962 жж. Қазақстанға шамамен  2 млн. адам келді.  Дәл сол кезде ұлттар мен халықтар арасындағы нағыз достықтың негізі салынды.

   Көрмеге  республикалық газеттер мен журналдарға жарияланған қазақстандық  авторлардың мақалалары  ұсынылды. Көрме  көпшілік оқырман қауымға  арналған.

   Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование