KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887300
2019 жылы:  21015
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.04.2014

   Мерзімді басылымдар бөлімінің оқу залында «Ақтөбе» газетінің 90 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.

 «Ақтөбе» - Ақтөбе облысының қоғамдық-саяси газеті. Аймақтағы ежелгі қазақтілді басылымның алғашқы нөмірі  1924 жылы 7 маусымда «Кедей» деген атпен жарыққа шықты. Алғашқы екі нөмірдің редакторы Ізмұқан Құрамысов болды. «Кедей» баспа басылымы өлке тұрғындарының сауатсыздығымен жұмыс жүргізді, мәдениетке тәрбиеледі және сол кездегі адамдардың рухани түсінігін дамытты.
   Газет әрі қарай «Алға», «Социалистік жол», «Батыс Қазақстан», «Коммунистік жол»  деген атаулармен басылып шықты.
   1990 жылғы 12 қазаннан бастап газет «Ақтөбе» деген атпен шығады. «Ақтөбе» газетінің редакторы болып ұзақ уақыт Нұрқайыр Телеуов қызмет атқарды (27 жыл). Газет екі рет ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Мерзімді басылым Мәскеудегі, Будапешттегі және Прагадағы Бүкілодақтық көрмеге қойылды. Газет алтын және күміс медальдармен марапатталды.
   Ал редактордың өзі екі мәрте Еңбек Қызыл Ту Орденімен, «Құрмет» белгісімен марапатталды. Ол 4 орден алған жалғыз редактор болды. Газет - 45, 50, 55, 60, 65 жылдық мерейтойларын атап өткенде Н.Телеуов бас редактор болды.
   Қазіргі таңда «Ақтөбе» газеті қоғамның өзекті мәселелерін талқылауға бастамашы бола отырып, аймақтағы оқиғалар мен рухани өмірді және оны шешу жолдарын іздеуді бейнелейді.

   Көрмеге Ақтөбе газетінің тарихы туралы материалдар мен мақалалар,  редакция ұжымының  өткен жылдардағы жетістіктері, мерейтойлық нөмірлері қазақ жазушыларының шығармалары ұсынылған.

   Көрме көпшілік оқырманға арналған.

   Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование