KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887315
2019 жылы:  21030
бүгiн:  1
қазiр:  41
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.04.2014

   2014 жылы 18 сәуір, сағ. 11.00-де ҚР Ұлттық кітапхана фойесінде салауатты өмір салты аясында «Саламатты Қазақстан» атты  кітап көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара аясында Қазақстанның денсаулық сақтау саласы мен медицинасының жетекші мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, С.Д.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті, Республикалық ғылыми-медициналық кітапханасы (РҒМК).
   Көрменің ашылу салтанатында Ұлттық кітапханасы бас директорының бірінші орынбасары Б.Қ.Оспанова, қоғам қайраткері, ғалым-офтальмолог, профессор,  Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, С.Д.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті ректорының кеңесшісі Ж.Ғ.Мұстафина, медицина ғылымдарының кандидаты, Республикалық ғылыми-медициналық кітапханасының директоры И.А.Анамбаев сөз сөйлеп, лента қию рәсімі өткізілді.
   Көрмеде кітапхана қорынан қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі медицинаның негізгі салалары, спорт және салауатты өмір салты туралы 3000-нан аса басылым ұсынылды.
   Дөңгелек үстелді С.Д.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің профессоры, дәрігер-стоматолог И.Ә.Құлманбетов және қоғам қайраткері, ғалым-офтальмолог, профессор,  Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Ж.Ғ.Мұстафина жүргізді.
   Дөңгелек үстелде «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында С.Д.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің 3-ші курс студенттері: К.Әбжаппар,  А.Доскалиева, Е.Елжас, С.Аленова, Қ.Келесбек, А.Көшкінбай, Ж.Құрманалі, Д.Матай, Қ.Серік, А.Тоқтарқан сөз сөйледі.

   Сондай-ақ шара аясында С.Д.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің студенттері ұйымдастырған акцияда қатысушылар қан тобын білуге, қан қысымын өлшетіп және бірнеше мамандардан кеңес алуға мүмкіндік алды.

   Іс-шараға қатысушылар: медицинаның басты мамандары, Алматы қаласының кітапханашылары, медициналық жоғары оқу орындарының студенттері, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері және ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары қатысты.

        

      

      

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование