KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887311
2019 жылы:  21026
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.04.2014

  «Қазақстан кітаптары» бөлімінің ғалымдар залында Қазақстан Республикасының Ғылым күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Туындылары білімнің қазынасын байытқан ежелгі Шығыстың белгілі  ғалымдары мен ойшылдары әлемдік өркениеттің дамуына қомақты үлес қосты. Олардың қатарында: әл-Фараби, Әбу ибн Сина, Беруни, Ж.Баласағұн, А.Иассауи, М.Қашқари, М.Х.Дулати,  Қ.Жалайыр, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев және басқалар.

 Қазақстанда ғылымның пайда болуы Орал малдәрігерлік станциясы (1897), Красноводопад тұқым шаруашылығы станциясы құрылған ХХ ғасырдың бас кезінен басталды (1909). Кейіннен олардың қатарына Орал тәжірибелік ауылшаруашылық станциясы (1914), Алматы санитарлық-бактериологиялық институты қосылды (1925). 1932 жылы КСРО Ғылым Академиясының қазақстандық базасы құрылды. 1946 жылғы 31 мамырда Қазақстанның директивті органы «Қазақ КСР Ғылым Академиясын құру туралы» Қаулы қабылдады. Ғылым Академиясының Қазақстанның ғылымы, техникасы мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлері: М.О.Әуезов, А.Б.Бектұров, И.Г.Галузо, А.К.Жұбанов, Қ.И.Сәтпаев, Н.Т.Сауранбаев және басқалар енген алғашқы құрамы бекітілді. Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті болып көрнекті ғалым және қазақ халқының мақтанышы Қаныш Имантайұлы Сәтпаев тағайындалды.
  Ғылым – тәуелсіздіктің негізгі тірегінің бірі. КСРО кезеңінен бастап-ақ, Қазақстанда ірі ғылыми-өндірістік мекемелер пайда болды. Тәуелсіздік алумен бірге республикада Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасу міндеттеріне сәйкес келетін ғылымның дамуына жаңа көзқарасты қалыптастыру басталды. 2003 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым Академиясы» қоғамдық бірлестігі  құрылды.  Ғылым Академиясының  басты рөлі – бұл ғылымның дамуы мен отандық өндірістің технологиялық қайта қаруландырылуының стратегиялық болжамдарын жасау. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев отандық  ғылымның жаңа жүйесін құру қажеттілігін атап өтті. Бүгінгі шапшаң өзгеріп отырған әлемде мемлекеттің стратегиялық ресурсына айналып отырған технологияның, ғылымның, идеологияның, мәдениеттің ролі өсіп отыр. Қазіргі  ғылым адам өмірі мен қызметінің барлық саласына етене енді және табиғат заңдылықтарын танудағы ғылыми зерттеулерді барынша кеңейту және барынша тереңдетуді талап ететін, микро-макроәлемін тануда көптеген жетістіктерге жетті. Ғылым республиканың ұлттық басымдықтарымен байланысты: ұлттық идея, отансүйгіштік, этникааралық және  конфессияаралық тұрақтылық, елдің әлемдік аренадағы  рөлі сияқты мәселелерді  шешуі тиіс. Үшінші мыңжылдықта, жоғары технологияның, ғылым мен білімнің алып жетістіктері ғасырында отандық ғылымның рөлі және Қазақстанның көрнекті  ғалымдарын өзінің қатарына қосқан – республиканың Ұлттық ғылым Академиясының  белсенді мақсаттары анағұрлым өсе түседі. ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыратын республикалық орган болып табылады. 
  Кітап көрмесінде отандық ғылымның тарихы, дамуы мен рөлі және Қазақстанның көрнекті ғалымдары, сондай-ақ ежелгі Шығыстың танымал ойшылдары туралы материалдар ұсынылған.

  Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование