KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887232
2019 жылы:  20947
бүгiн:  1
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.04.2014

  Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір  күні атап өтіледі.  Мерекені 1983 жылы ЮНЕСКО-ның жанында әрекет етуші Ескерткіштер  мен назар аударатын орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес Ассамблеясы белгілеген. Осындай мерекені жасауға бастамашы болып сәулетшілер, ғалымдар, қалпына келтірушілер, осы саламен айналысатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қолдады. Мерекенің басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және біздің мәдени  мұрамызды қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару. Осы мереке шеңберінде атаулы іс-шаралар өткізіліп тұрады, соның ішінде ескерткіштерді, тарихи  кешендерді сақтау, оларды (вандализм) қирату, бүлдірулерден сақтау мәселелеріне қатысты конференциялар.  Қазақстанның республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштері жеке құрылыстар, белгіленген құрылыстардың тарихи аумақтарының ғимараттары мен құрылыстары, мемориалдық үйлер, кварталдар, қорымдар (ескілікті қалалардағы мазарлар) мавзолейлер мен жекелеген қабірлер, монументалды өнер туындылары, тас мүсіндер, жартастағы бейнелер, Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері Мемлекеттік тізіміне енгізілген және тарихи, ғылыми, сәулет, көркем және мемориалдық құндылықтар болып табылатын еліміздің тарихы, мәдениеті үшін айрықша маңызы бар әлеуетті нысандар болып табылатын археологиялық ескерткіштер. 1982 жылғы 26 қаңтарда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Республикалық маңызы бар Қазақ КСР-нің Тарихи және мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімі бекітілді. Аталған Қаулыға 6 рет өзгерістер енгізілді. 2008 жылғы 21 наурызда Қазақстан Үкіметінің  Қаулысымен Республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің жаңа Мемлекеттік тізімі қабылданды. Тізімге 218 тарихи нысандар еңгізілді. Мәдени мұра нысандарын сақтау, қорғау және пайдалану саласында Қазақстан Республикасының 1992 жылы 2 шілдеде № 1488-ХІІ Заңы шықты. Заңға сәйкес  тарихи және мәдени ескерткіштер Қазақстан халқы үшін бірегей құндылыққа ие және әлемдік мәдени мұраның ажырамас бөлігі болып  табылады. Заң көпұлтты Қазақстан халқының қазіргі және келешек ұрпақтарының мүдделері үшін мәдени мұра нысандарының  сақталуына кепілдік етеді. Бүгінде Қазақстан азаматтарының өз елдерінің тарихына, мәдениетіне, халықтың салт-дәстүріне және рухани мәдени ескерткіштерге деген қызығушылығы дүние жүзіне артып отыр. Қазақстанның аумағында ескерткіштер мен тарихи орындардың саны орасан көп, олардың басым көпшілігі әйгілі және әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған туристер ұдайы тамашалауға келіп тұрады.

   Кітап көрмесінде тас және қола дәуірінен бастап Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері, ортағасырлық қалалар, қорғандар, қазақстандық сәулет өнерінің дамуы туралы материалдар, сондай-ақ мерзімді басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалар  ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование