KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887320
2019 жылы:  21035
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.04.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеруге арналған «Тың игеруге - 60 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру – өткен жүзжылдықтың орта кезеңіндегі посткеңестік кеңістіктегі ірі тарихи оқиға. Қысқа мерзім ішінде халықтың азық-түлік пен өнеркәсіпке қажеттіліктерін қанағаттандыру міндеті туындады.
 Тың және тыңайған жерлерді игеру Батыс Сібірде, Алтайда және Қазақстанда 1954 жылы басталды. Алғашқы үш жылда 33 млн. га шамасында жер жыртылды, олардың жартысынан көбісі, шамамен 18 млн. га Қазақстанда жыртылды. Сондықтан да «тың» түсінігі Қазақстанмен байланысты.
  1954 жылғы наурыз айында КОКП Орталық Комитетінің Пленумында «Елдегі астық өндірісін әрі қарай арттыру және тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» шешім қабылданды. Елде ауылшаруашылығын дамыту үшін бүкілхалықтық қозғалыс өріс алды.
  Тыңды игеру үшін Қазақстанның еңбекшілері белсене кірісті, комсомол комитеттері  еріктілерді іріктеп, оларды совхоздарға жіберіп отырды. Құнарлы жерлердің басым бөлігі шалғай жерлерде болды. Тың шаруашылығын толықтыру үшін адам ресурстары жетіспеді, елдің басқа аудандарынан мамандар тартылды. Қазақстандық тыңға одақтас республикалардан жүз мыңдаған еріктілер келді. Өндірістік кәсіпорындар ауылшаруашылық  техникаларын: тракторлар, астық жинайтын комбайндар, тұқым сепкіш машиналар, мыңдаған шөп шабатын машиналарды және т.б. шығаруды ұлғайтты.  
   Тың – бұл мүлдем жаңа әлеуметтік, экономикалық және рухани жағдайлар  туындатқан ұлы дәуір. Ақмола, Көкшетау, Қостанай,  Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңа астық совхоздары ұйымдастырылды. Тың алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың жетекшілері, ірі ғалымдар, мемлекеттік және саяси қайраткерлер болған бірқатар батыр саңлақтарды тәрбиелеп шығарды.
   ҚР Президентінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы Жарлығына сәйкес Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің басталғанына 50 жыл толу құрметіне «Тыңға 50 жыл» мерейтойлық медалі жарияланды. Медальмен тың және тыңайған жерлерді игеруге және республикадағы ауылшаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан Қазақстанның  және басқа да елдердің азаматтары марапатталды.
   Тыңды игеру – аға буын өкілдерінің, көптеген бауырлас халықтар өкілдерінің үлкен ерлігі. Дәл сол кезде Қазақстан экономикасының дамуына, оның заманауи инфрақұрылымын жасауға үлкен қадам жасалды. Нәтижесінде республика бүгінде әлемдік ірі астық өндірушілердің бірі болып табылады.

   Кітап көрмесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан  тыңды игеру тарихының материалдары, Қазақстанның ауылшаруашылығының дамуы мен жетістіктері туралы материалдар ұсынылған. 

   Кітап көрсесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование