KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062714
2019 жылы:  128249
бүгiн:  2119
қазiр:  18
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.04.2014

   2014 жылы 21 сәуір, сағ. 11.00-де М.О.Әуезов атындағы мұражай-үйінде Қазақстанның халық жазушысы, ақын және драматург Әбділдә Тәжібаевтың 105 жылдығына орай өткізілген кеш шеңберінде ҚР Ұлттық кітапханасы «Сырдан ұшқан сұңқар ақын» атты көшпелі кітап көрмесін  ұйымдастырды.

   Әбділдә Тәжібаев қатардағы газет редакторынан Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының хатшысына дейінгі қызметтерді атқарды. Жазушының әдеби шығармашылығының негізгі жанры – поэзия және драматургия. Ә.Тәжібаев қазақ ұлттық драматургиясының  дамуына көп күш жұмсады. Оның шығармалары жылылығымен және лирикалық қанықтылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылығында аударма қызметі үлкен орын алды. Ол А.С.Пушкин, Г.Гейне, Т.Шевченко, А.Островский өлеңдері мен поэмалары аудармаларының авторы. Жазушының есімі қазақ әдебиеті қайраткерлерінің алдыңғы қатарында тұр.
   Әдебиет саласына сіңірген еңбегі үшін Ә.Тәжібаев Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, құрмет грамоталарымен марапатталған. «Абай» атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы  туралы материалдар және оның шығармалары ұсынылды.

   Кітап көрмесімен кеш қонақтары мен қатысушылар: ақынның туыстары мен жақындары, көрнекті қоғам қайраткерлері, белгілі жазушылар және әдебиеттанушылар танысты. 

   

    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование