KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062648
2019 жылы:  128183
бүгiн:  2053
қазiр:  24
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.04.2014

   2014 жылы 23 сәуір, сағ. 14.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Дүниежүзілік кітап пен авторлық құқықты қорғау күніне арналған іс-шара өткізілді.

 Іс-шара EUNIC - Еуропалық Одаққа мүше елдердің халықаралық мәдени ұйымдарының қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылады. Жыл сайын дүние жүзі бойынша жүзден аса мемлекетте 23 сәуірде Дүниежүзілік кітап пен авторлық құқықты қорғау күні аталып өтіледі. Осы іс-шара өз тарапынан кітап оқуға және авторларға құрмет көрсетуге үндейді. Бұл күн кітап әуесқойларын, әдеби талқылау, сұхбат және оқырманға қажет шығармашылық тыныштықты сүюшілерді біріктіреді.
   Ашылу салтанатында: ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының орынбасары - Ажар Юсупова, EUNIC призиденті, Алматы Француз Альянсының директоры – Паскаль Виторж, Қазақстан Гёте-Институтының директоры - Барбара Фрэнкель-Тонет, Қазақстандағы Испания Елшілігінің экономика және сауда бөлімі басшысы – Кристина Сантамария Гарсия, Британдық Кенестің маркетинг және қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері – Елена Сим, сондай-ақ Юнус Эмре атындағы Түрік институтының директоры – Ибрахим Йылдырым құттықтау сөз сөйледі.
   Мерекелік шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан  әлемдік классикалық әдебиетінің кітап көрмесі, EUNIC қатысушы-мемлекеттерінің тақырыптық кітап көрмелері, неміс авторы Элеонора Хуммельмен кездесу және оның романының қазақ тіліндегі аудармасының тұсаукесері, француз комикстерін сахналық  оқу, М.Сервантес пен У.Шекспир  шығармаларынан үзінділер оқу, заманауи түрік поэзиясының шығармаларын оқу ұсынылды.
   Мерекеге Алматы қаласының зиялы қауымы, халықаралық мекемелердің өкілдері мен Қазақстанның дипломатиялық өкілеттіктері, ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері, ғылыми қызметкерлер, мектеп оқушылары, БАҚ журналистері, кітапхана оқырмандары қатысты.

   Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Қазақстан Гете-Институты, Алматы Француз Альянсы, Түркия Елшілігі, Испания Елшілігі, Британдық Кенес.

   

   

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование