KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887309
2019 жылы:  21024
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.04.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында ұлы ағылшын драматургы мен ақыны Уильям Шекспирге (1564-1616) арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

 У.Шекспир 1564 жылы 23 сәуірде Стратфорд қаласында саудагер және қаланың қадірлі тұрғыны Джон Шекспир отбасында дүниеге келді. Негізгі білімін латын тілі мен поэзиясы бойынша сабақтарға ерекше сүйіп қатысатын жоғарғы грамматикалық мектепте алды. 1582 ж. 18 жасында өзінен 8 жас үлкен стратфордтық бай егіншінің қызы Энн Хатауейге үйленіп, үш балалы болды.
 Шекспирдің мансабы Лондонға қоныс аударғаннан кейін 1585 және 1592 жылдары аралығында басталды. Шекспирдің көптеген еңбектері 1589-1613 жылдары жазылды. Оның ертеректегі пьесалары: «Король Иоанн» (1596-1597), «Перикл» (1607), «Зимняя сказка» (1611), «Буря» (1612), «Ричард II» (1595), «Генрих IV», часть I (1596-1597) негізінен комедия және хроникаға жатады. Кейін оның шығармашылығында ағылшын тіліндегі ең үздік шығармалардың бірі және әдеби талантының биік шыңы, әлем классикасының асыл қазынасы болып есептелетін «Ромео и Джульетта» (1595), «Гамлет» (1601), «Отелло» (1604), «Король Лир» (1605), «Макбет» (1606), «Антоний и Клеопатра» (1607) пьесалары  енгізілген «қасірет кезеңі» басталды.
   Өзінің шығармашылығының соңында Шекспир бірнеше трагикомедияларды жазды, сондай-ақ басқа да жазушыларымен бірігіп жұмыс жасады. Шекспирдің көптеген пьесалары көзі тірісінде жарық көрді. 1594 ж. бастап Шекспирдің пьсалары тек «Слуги лорда-камергера»  труппасымен қойылды. Осы труппаның құрамына 1594 ж. соңында оның бірге иемденушісі болған Шекспир де кірді. 1599 ж. труппа мүшелерінің серіктестігі арқасында жаңа «Глобус» тетры салынды.
   Драматургтың осыншама сәтті мансабының кенеттен тоқтауына және астанадан Стратфорд қаласына кетуіне оның ауруы себеп болды. Уильям Шекспир 1616 жылы 23 сәуірде туған  жері Стратфордта қайтыс болды.
   Бізге жеткен еңбектері басқа авторлармен  бірлесіп жазылғандарымен   қоса алғанда, 38 пьесадан, 154 сонеттен, 4 поэма мен 3 эпитафиялардан тұрады. Шекспирдің пьесалары әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған және  басқа драматургтардың шығармаларына қарағанда жиі қойылады.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының  шығармалары мен оның өмірі мен шығармашылығы жайлы әлем тілдерінде  әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование